«Парасаттылық пен адалдық – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты бағыттары» атты акциясы

Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің қызметккерлері  «Парасаттылық пен адалдық – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты бағыттары» атты акциясы аясында ағымдағы жылдың 28-29 тамыз күндері Ескелді ауданы М.Маметова атындағы ОМ, Қарасай ауданы Жармұхамбет ОМ, Жамбыл ауданы Т.Сәрсенбеков және Ынтымақ орта мектеп ұжымдарымен «Мектептерде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында мектеп ұжымымен білім беру мекемелерінде кез келген сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және қолдау жұмыстарын үнемі жүргізілу керектігі, ұжымда парасаттылық және адалдық қағидаттарын нығайту қажет екені айтылды.

Leave a Reply