
Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті 2019 жылдың 12-23 қыркүйек аралығында Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Жамбыл, Іле, Балқаш, Панфилов, Кеген, Райымбек, Ұйғыр аудандарында, Қапшағай қаласында «Парасаттылық пен адалдық – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты бағыттары» акциясын өткізу барысында білім беру саласының қызметкерлерімен, білім беру мекемелерінің басшылары, педагогтер, Қамқоршылық кеңес өкілдері, ата-аналар қауымымен кездесулер өткізілді. Баяндама барысында Департамент басшысы С.Досматова Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауындағы білім беру саласына қатысты бағыттары аясында сөз қозғап, білім саласындағы өзекті мәселелер төңірегінде коррупция тәуекелділігінің алдын алу, нөлдік төзімділік қағидасын ұстану қажеттілігіне назар аударды.