Панфилов, Ұйғыр, Кеген, Райымбек аудандарында Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің күндері

Алматы облысының білім саласындағы бақылау департаменті  білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша үнемі ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылдың 18-19 наурыз күндері Панфилов, Ұйғыр, Кеген, Райымбек аудандарында Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің күндері өткізілді. Аталған шараға  білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңес мүшелері, аудандық білім бөлімі басшылары, балабақша, мектеп, колледж директорлары шақырылды. Белсенді сұхбат форматында өткізілген жиын барысында Департамент басшысы Досматова Салтанат Жұманқызы өзекті сұрақтарға толыққанды жауап берді. Департамент мамандары білім саласындағы мемлекеттік бақылау, 2019 жылы өткізілетін ОЖСБ, ҰБТ жұмыстары бойынша баяндама жасады.

Сонымен қатар Қамқоршылық кеңес қызметін ұйымдастыру және жақсарту бойынша ақпарат берілді. Департамент тарапынан қамқоршылық кеңес қызметіне жүргізілген мониторинг барысында  белгіленген оңтайлы жұмыс түрлерінің тәжірибесі таратылды. Жиында Панфилов ауданы Луначарский атындағы орта мектеп, Кеген ауданы Байғабылұлы атындағы орта мектептер өз тәжірибесін ортаға салды, Райымбек ауданы Сауранбаев атындағы орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің төрағасы «Ұлағатты ұрпақ» тақырыбында жасалған жоспардың ауқымдылығымен ерекше назар аударатын баяндама  жасады. Өз баяндамасында жалпы аудандағы тәрбие үрдісімен қатар аудан мектептерінің материалдық-техникалық жабдықталуын сөз етті.

Департамент басшысы, департамент мамандары мемлекеттік бақылау, 2019 жылы өткізілетін ОЖСБ, ҰБТ жұмыстары бойынша қойылған сауалдарға нормативтік актілер шеңберінде жауап берді.

Leave a Reply