Панфилов ауданының мектеп директорларымен кездесу

2020 жылдың 09 маусымында Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Кабимолдаева Сауле Нурахановна Панфилов ауданының мектеп директорларымен кездесу өткізді.

Жаңа санитарлық талаптарды сақтай отырып ҰБТ өткізудің ерекшеліктері, педагогтердің еңбек демалысының ақысын төлеу, жаңа оқу жылына дайындық бойынша білім беру саласындағы маңызды сұрақтар талқыланды. Директорлардың сұрақтарына жауап беру барысында департамент басшысы ағымдағы жылдың 1-сәуірінен педагог құқығын бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту департамент құзырлығына жататынын ескертіп кетті. Жаңартылған ҰББДҚ-ғы мәліметтің нақтылығын қамтамасыз етуде, ҚР БҒМ 2020 жылғы 06 сәуірдегі №130 бұйрығымен бекітілген, педагогтердің толтыруға міндетті құжаттар тізбесін сақтауда мектеп директорларының жауапкершілігі артты. ҰБТ-ді бұзушылықтарсыз сәтті өткізуді тілей отырып, бүгінгі күні директор жұмысында, педагогтерге ұжымда орын алған кез келген жағдайды дұрыс түсіндіріп шешім қабылдау, маңызды болып табылатындығын айтып Сауле Нурахановна өз сөзін аяқтады.

 

Leave a Reply