Оқу жылы қалай аяқталады?

Оқырмандарға Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «соңғы қоңырауды» өткізу туралы пікірі айтылған болатын.

Міне, бүгінгі күні «Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» мектеп бітіру іс-шараларын өткізу тұжырымдамасы әзірленді. Тұжырымдамаға сәйкес 11-сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру және соңғы қоңырау 3-4 маусымда өтеді. Қазақстандық оқушылар үшін оқу жылы 25 мамырда аяқталады, сол күні 1-10 сыныптар үшін қашықтық форматта сынып сағаттары өтеді.

Мектеп бітіру іс-шаралары мектеп аумағында, ашық алаңда, санитарлық талаптарды сақтай отырып, әр сынып үшін бөлек өткізіледі. Түлектер рәсімге мектеп формасында қатысады, маскалық режимді міндетті түрде қамтамасыз ету және қашықтықты сақтау керек. Әрбір түлекпен 1 немесе 2 ата-анасы қатыса алады, бөгде қонақтарды шақыруға тыйым салынады.

2019-2020 оқу жылының  аяғына Алматы облысында 15153 оқушы мектеп бітіреді, оның 75% (15083 түлек) ҰБТ-ге қатысуға өтініш бергенін еске сала кетейік.

Leave a Reply