Оқушыларды қашықтан оқыту

2020 жылдың 29 мамырында өткен брифингте Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Кабимолдаева Сауле Нурахановна БАҚ үшін облыс мектептерінде қашықтықтан білім беру технологияларын енгізу туралы ақпаратты ұсынды.

Төртінші тоқсаннан бастап республикамызда мектептер қашықтан оқытуға көшті. Дайындық барысында, көктемгі деамалыста, мектеп әкімшілігі үшін оқыту онлайн-семинар және Алматы облысы әкімінің орынбасары Б.К. Байжұмановтың, облыстық білім басқармасының басшысы М.Т.Омарованың, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы С.Н.Кабимолдаеваның қатысуымен брифинг өткізілді. Компьютер және гаджеттермен қамтамасыз етілмеген оқушыларға, қашықтан оқыту кезеңінде уақытша пайдалану үшін,  мектеп балансында тұрған компьютерлік техника берілді.

Департамент тарапынан интернет-платформалар ақылы сабақтар жүргізу және телесабақтар форматын пайдалану бойынша нақты ұсынымдар беріліп, оқушылар, педагогтар, ата-аналар үшін жайлы жағдайлар жасалды.

Ағымдағы оқу жылының соңғы тоқсаны өткен жаңа форматты оқу процесінің барлық қатысушылары: ұстаздар, оқушылар, ата-аналар да абыроймен аяқтады!

Қашықтан оқыту тәжірибесі болашақта ауа райының қолайсыз жағдайында оқу үрдісін тоқтаптай жалғастыруға, денсаулығына байланысты үйден оқитын оқушыны тиімді оқытуға, онлайн режимде ата-анамен тығыз байланыс жасауға, оқушымен оқу пәні бойынша үнемі жеке жұмыс жүргізу ғана емес тәрбиелік жұмыстарды да ұйымдастыруға да мүмкіндік беретінін көрсетті.

 

Leave a Reply