Облыстағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстары қайта жанданады

Алматы облысының бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 17 мамырдағы №11 қаулысына сәйкес облыс аумағында карантин жалғасуда, бірақ карантинді кезең-кезеңмен босаңсыту шаралары енгізіледі. Қаулының 4.37. тармағына сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтардың (жасы бойынша) ашылуына рұқсат берілген.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан балаларды балабақшаға қабылдау тәртібі жеңілденіп, түбегейлі өзгертілді. Енді ата-аналар кезекке қою қызметін тек білім беру бөлімінің кеңсесі арқылы ғана емес, сондай-ақ өз бетімен “Азаматтарға арналған үкімет” бөлімдері немесе “Электрондық үкімет” веб-порталы арқылы жүзеге асыра алады. Көп құжат жинау қажет болмайды. Ал кезекке тұрғандардың арасында басымдық ең алдымен педагогтердің балаларына және мүгедек баласы бар отбасылардың бүлдіршіндеріне беріледі. Егіз балалары, үшемдері бар отбасыларға бір баласына белгілі бір балабақшадан орын тиген жағдайда, барлық балалары да (егер тағы орын болcа) сол балабақшаға жолдама алады. Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымдардағы бос орындарды тарату процесі жүйеге келтірілді.

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан облыстағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізіледі.   Алматы облысында барлығы 802 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар, оның ішінде 619-ы жекеменшік. Мектепке дейінгі біліммен 72676 бала қамтылған.

 

Leave a Reply