Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша онлайн-жәрменке өткізді

2021 жылдың 30 қарашасында Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша онлайн-жәрменке өткізді. Жәрмеңке департаменттің Facebook, Instagram, Telegram  әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде жүргізілді. Жәрмеңкеге қатысушылар департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерімен, қызмет көрсету тәртібімен, статистикалық мәліметтермен таныстырылды.

Департамент білім беру қызметіне лицензия беру және білім туралы құжаттарға апостиль қою мемлекеттік қызметтерін көрсетеді. 2021 жылы білім беру қызметіне лицензия беру бойынша 835 (2020 ж.-205), білім туралы құжаттарға апостиль қою -236 (2020 ж.-210) мемлекеттік қызмет көрсетілді. Көрсетілген мемлекетттік қызмет саны былтырғы жылмен салыстырғанда  2,5 есеге өскен. Лицензиялау толығымен электрондық форматта «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы арқылы жүзеге асырылады. Білім туралы құжаттарға апостиль қою «электрондық үкімет» веб-порталы немесе ХҚКО арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет барысы туралы ақпараттар департаменттің ресми әлеуметтік желілерінде үнемі жарияланады, түскен сұрақтар мен пікірлерге жауап беріледі.

Leave a Reply