Мемлекеттік қызметшілер Әдебін сақтау туралы семинар

                Мемлекеттік қызметшілердің әдебінің бұзылуын болдырмау мақсатында Алматы облысының білім саласында сапасын қамтамасыз ету департаменті 2020 жылдың 18 қарашасында қызметкерлерге арналған семинар өткізді.

                Департамент басшысы Сәуле Нұраханқызы Қабимолдаева өз сөзінде мемлекеттік қызметшінің этикалық кодексі – бұл қоғам мен мемлекеттің жалпыға танылған моральдық принциптері мен нормаларына негізделген мемлекеттік органдар мен жергілікті билік органдарының лауазымды адамдарының қызметтік қызметтік жүріс-тұрысына арналған адамгершілік нормаларының, міндеттері мен талаптарының жүйесі екенін атап өтті.

                Департамент басшысының орынбасары А.С.Кулахметова Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің негізгі ережелерін еске сала отырып, әріптестерін мемлекеттік қызметтегі қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, өздерінің қызметтік міндеттерін бұлжытпай орындауға, мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларын болдырмауға шақырды, бұл мемлекеттік органдарға деген халықтың сенімін нығайтуға қызмет етеді.

                Семинардың қорытынды бөлімінде қызметкерлер марапатталды.

Leave a Reply