МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТЫ ИГЕРУГЕ ИКЕМДІ ТӘСІЛ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

 ҚР “Білім туралы” Заңына 2016 жылы өзгерістер енгізілді, осыған сәйкес грант алушылар өз мамандығы бойынша мемлекеттік ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыс істеуге тиіс болды. 2017-2018 оқу жылынан бастап жоғары оқу орындарына мемлекеттік тапсырыс есебінен түскен барлық студенттерге осы норма қолданылады.

2021 жылдың басында грантты өтеуге қатысты заң талаптары жеңілдетілді. Енді жоғары оқу орнында грант арқылы білім алған түлектер грантты мамандық бойынша бұрынғыдай тек мемлекеттік ұйымдарда ғана емес, жекеменшік мекемелерде де өтей алады. Сонымен қатар жұмыспен өтеу мерзімі грант бойынша барлық 4 жыл көлемінде емес, тек белгілі бір уақыт аралығында ғана оқығандардардың пайдасына қарай қайта қаралды. Түлектер меншік нысанына қарамастан кез келген ұйымда және мемлекеттік тапсырыс бойынша тегін оқыған жыл көлеміне сәйкес грантты жұмыспен өтей алады

Leave a Reply