Мектеп оқушыларына компьютерлерді уақытша пайдалануға беру туралы

     Облыс бойынша мектептердің есебінде тұрған компьютерлік техниканың 10 461 компьютері оқушыларға қашықтықтан оқуға уақытша берілді. Қалалық, аудандық білім бөлімдері (2 қала, 12 аудан) мектеп оқушыларын қашықтықтан оқытуға 134 185,7 мың теңгеге 701 компьютерлік техника алуға қаржы аударды.

        Қазіргі уақытта 1 қалалық, 12 аудандықбілім бөлімдері тарапынан сатып алынған 681 компьютерлік техника (компьютер-96, ноутбук-481, моноблок-104) мектептерге бөлініп берілді. Қапшағай қалалық білім бөлімі қала мектептеріне 2 533,0 мың теңгеге 20 дана планшет алуды жоспарлап отыр. Ата-аналардың сұранысы бойынша қосымша алынған компьютерлік техника оқушыларға таратылуда.

Leave a Reply