Мектеп бітірушілер түлектер мен ата-аналар назарына!

Мектеп бітірушілер түлектер үшін де оқу жылы аяқталуда. 3-4 маусымда аттестат тапсырылады, жаңа күш-жігермен ҰБТ-ге дайындық жалғасады. ҰБТ өткізу мерзімі 20 маусым 05 шілде аралығында белгіленді. ҰБТ тапсыру форматы өзгермейді, ҰБТ тапсыру пунктері (ҰБТТП) базасында өткізу сақталады. 2020 жылы республика бойынша 131683 өтініш берілді, бұл ҰБТ өткізу тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Алматы облысының мектептерінде 15153 мектеп бітіруші түлек бар, оның 75%-дан астамы (11494 бітіруші) ҰБТ тапсыруға өтініш білдірді.

Биылғы жылы ҰБТ тапсырудың ерекшеліктері: ҰБТТП – не кіру барысында шектеу қойылатын шараларды, ҰБТ-ге кіргізу және өту барысында санитарлық шараларды күшейту. Жергілікті атқарушы органдар, ҚР БҒМ өкілдері тарапынан мектеп бітірушілердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қолданылады.

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті сіздермен күнделікті білім беру саласына қатысты барлық ақпаратпен бөлісіп отырады. 2020 жылы ҰБТ-дің өткізілуі туралы мәлімет үнемі жаңартылып тұрады. Департаменттің сайтында және әлеуметтік желілерде бізбен бірге болыңыздар!

Leave a Reply