Мектептеріндегі соңғы қоңыраудың өтуі

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті желі қолданушыларына Қазақстан мектептеріндегі соңғы қоңыраудың өтуі туралы хабарлаған болатын. 11-сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру және соңғы қоңырау 3-4 маусымда өтетінін еске сала кетейік. ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан короновирустық пандемия жағдайы кезінде шараны өткізу талаптары анықталды: мектеп бітіру іс-шаралары мектеп аумағында, ашық алаңда, санитарлық талаптарды сақтай отырып, әр сынып үшін бөлек өткізіледі. Түлектер рәсімге мектеп формасында қатысады, маскалық режимді міндетті түрде қамтамасыз ету және 1,5-2 метр қашықтықты сақтау керек. Әрбір түлекпен 1 немесе 2 ата-анасы қатыса алады, бөгде қонақтарды шақыруға тыйым салынады. Іс-шараның ұзақтығы 20 минуттан аспау қажет.

Мектеп директорлары мен ата-аналар назарына! Мектептерде аниматорларлар шақыртуға, мерекелік үстелдер ұйымдастыруға, автокөлік жалдап, қалада серуен ұйымдастыруға, мейрамханаларда, дәмханаларда және басқа да көңіл көтеру мекемелерінде бітіру іс-шараларын ұйымдастыруға тыйым салынады!

1-10 сынып оқушылары үшін 25 мамырда онлайн-режимде оқу жылының қорытындысы бойынша сынып сағаттары өтеді.

Leave a Reply