Лицензиялау комиссиясының отырысы туралы

2014 жылғы 8 қаңтар күні лицензиялау комиссиясының отырысы өткізіліп, барысында 2 өтініш қаралды: Талғар ауданы КММ «№36 жалпы білім беретін орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» – мемлекеттік лицензияны алуға және МКҚК «Талдықорған сервис және технологиялар колледжі» – мемлекеттік лицензияның қосымшасын алуға.

Лицензиялау комиссиясының шешімі негізінде Талғар ауданы «№36 жалпы білім беретін орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесіне білім беру қызметін жүзеге асыруға мемлекеттік лицензия берілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы «Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» №195 қаулысының 4,6,8 пунктеріне сәйкес келмеуіне байланысты МКҚК «Талдықорған сервис және технологиялар колледжінің» кәсіптік және техникалық білім беру бойынша 1211000 «Тігінші кәсібі және киімді моделдеу» мамандығының 1211093 «Техник – технолог» біліктілігіне мемлекеттік лицензияның қосымшасын беруден бас тартылды.

Leave a Reply