Лицензиялау бойынша комиссия отырысы өткізілді

2017 жылдың 31 тамызында Білім беру қызметін лицензиялау бойынша комиссия отырысы өткізілді. Күн тәртібінде  «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақсу политехникалық колледжі», «Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі», «Талғар политехникалық колледжі», «Бастөбе сервистік-техникалық колледжі», «Шелек политехникалық колледжі», «Алакөл гуманитарлық-техникалық колледжі», «Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі», «Қаракемер кәсіптік колледжі», «Тоқжайлау политехникалық колледжі», «Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК және «Талдықорған қаласының «Авиценна медициналық колледжі» ЖШС білім беру қызметіне лицензияға қосымша алуға тіркелген өтініштеріне жүргізілген рұқсаттық бақылау жұмыстарының қорытындысы қаралды.

Аталған білім беру ұйымдарының заңды тұлға ретінде лицензияға қосымша алуға берген өтініштері бойынша комиссия Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін қарап, ұсынылған құжаттарды тексеру барысында анықталған нәтижені талқылай келе, «Ақсу политехникалық колледжі» МКҚК 081602 2-«Химиялық талдау зертханашысы» (оқу мерзімі: 10 ай, 2 жыл 10 ай),  130201 2-«Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика слесарі» (оқу мерзімі: 1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай), 090101 2-«Электромонтер (Барлық атаулар) (оқу мерзімі: 1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай) біліктіліктері, «Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі» МКҚК 140105 2 «Бояушы» (оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай) біліктілігі, «Талғар политехникалық колледжі» МКҚК 150404 2-«Аспазшы» (оқу мерзімі: 10 ай) біліктілігі, «Бастөбе сервистік-техникалық колледжі» МКҚК 110801 2-«Слесарь-вагондарды қараушы» (оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай) біліктілігі, «Шелек политехникалық колледжі» МКҚК 111401 2-«Дәнекерлеуші (барлық атауларымен)» (оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай), 150404 2-«Аспазшы» (оқу мерзімі: 10 ай), 120109 2-«Көлікті жөндеу шебері» (оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай) біліктілігі, «Талдықорған қаласының «Авиценна медициналық колледжі» ЖШС 030101 3-«Фельдшер» (оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай, 3 жыл 10 ай) біліктілігі, «Алакөл гуманитарлық-техникалық колледжі» МКҚК 050704 2-«Әкімшілік көмекшісі» біліктілігі (оқу мерзімі: 10 ай, 2 жыл 10 ай) біліктілігі, «Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі» МКҚК 140501 2-«Газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесарі» (оқу мерзімі: 10 ай, 2 жыл 10 ай) біліктілігі, «Қаракемер кәсіптік колледжі» МКҚК 150409 2-«Электр жабдықтарына қызмет көрсету электр монтері» (оқу мерзімі: 10 ай) біліктілігі, «Тоқжайлау политехникалық колледжі» МКҚК 150801 2-«Егерь» (оқу мерзімі:2 жыл 10 ай), 150805 3-«Орманшы» (оқу мерзімі:                 2 жыл 10 ай), 151303 2-«Ветеринарлық санитар» (оқу мерзімі:10 ай, 2 жыл 10 ай) біліктіліктері, «Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК 011102 2-«Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» (оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай, 3 жыл 10 ай) біліктілігіне лицензияға қосымшалар берілді.

 

 

 

2017 жылдың 13 қыркүйегінде Білім беру қызметін лицензиялау бойынша комиссия отырысы өткізілді. Күн тәртібінде  Іле ауданы, Боралдай кентінде орналасқан «Частная школа «Юнона» ЖШС бастауыш білім беру қызметіне лицензия қосымшасымен және «Алматы  облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талдықорған медициналық колледжі» МКК білім беру қызметіне лицензияға қосымша алуға тіркелген өтініштеріне жүргізілген рұқсаттық бақылау жұмыстарының қорытындысы қаралды.

Аталған білім беру ұйымдарының заңды тұлға ретінде лицензияға қосымша алуға берген өтініштері бойынша комиссия Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін қарап, ұсынылған құжаттарды тексеру барысында анықталған нәтижені талқылай келе, «Частная школа «Юнона» ЖШС бастауыш білім беру қызметіне лицензия қосымшасымен және «Талдықорған медициналық колледжі» МКК 030701 3 «Тіс технигі» (оқу мерзімі:1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай) біліктілігіне лицензияға қосымша берілді.

Leave a Reply