Лицензиялау бойынша комиссия отырысы өткізілді

2018 жылдың 09 және 19 ақпан күндері Білім беру қызметін лицензиялау бойынша комиссия отырысы өткізілді. Күн тәртібінде Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің «Рахат ауылдық округі №1 орта мектебі», «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп» және «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үштерек орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне  білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия және лицензияға қосымша алуға берген өтініштеріне жүргізілген рұқсаттық бақылау жұмыстарының қорытындысы қаралды.

Аталған білім беру ұйымдарының заңды тұлға ретінде лицензия және лицензияға қосымша алуға берген өтініштері бойынша комиссия Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін қарап, ұсынылған құжаттарды тексеру барысында анықталған нәтижені талқылай келе, Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің «Рахат ауылдық округі №1 орта мектебі», «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар  №26 орта мектеп» және «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үштерек орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия және лицензияға қосымшалар берілді.

Leave a Reply