Алматы обысының Білім саласындағы бақылау департаменті 2015 жылғы 29 қазандағы 375-Ү Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 147-бабы 1-тармағына сәйкес 2019жылғы 12-14  ақпан аралығында  Көлтабан негізгі орта мектебіне бару  арқылы профилактикалық бақылау жүргізілді.

«Көлтабан негізгі орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бару арқылы профилактикалық бақылау белгіленген заң талаптарына  сәйкес  жүзеге асырылды. Профилактикалық бақылау жұмыстары 47 параметр бойынша жүргізілді.  Құжаттарды тексеру барысында кемшіліктерді түзету мақсатында әдістемелік көмек көрсетіліп, бағыт-бағдар берілді. Мектептегі жас директордың орынбасарлық қызметін атқарып жатқан мамандарға әдістемелік көмек көрсетілді.

Профилактикалық бақылау жүргізу мектептің оқу- тәрбие жұмысының талапқа сай жүргізілуіне  және  өрескел кемшіліктердің алдын-алуына  бағытталған. Ерекшелігі бақылау қорытындысы нәтижесінде айыппұл салынбай, кемшіліктерді жою мақсатында нұсқама алдық. Осындай бақылау жүргізу  кезінде әр мектеп өздерінің кемшіліктеріне сараптама жүргізіп, дер кезінде түзету жұмыстарын жүргізетіні анық.

 

 

Мектеп директоры                                  Ж.Қ.Біржанова

Leave a Reply