Кеңес

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті 2020 жылдың 19 ақпанында өңірлерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу мәселелері бойынша жоғары оқу орындары мен колледждердің қатысуымен өткізген онлайн кеңеске Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Ажикенова Г.С. қатысып,  білім беру саласының 2020 жылғы бақылау қызметі туралы баяндама жасады. Қатысушыларға Департаменттің өткен жылда жүргізілген бақылау шаралары туралы толық ақпарат берілді. Мемлекеттік бақылау 2 нысанда, яғни бару арқылы профилактикалық бақылау және  жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. Тексеріс барысында білім саласында заңнама талаптарының сақталуына, орындалуына басым назар аударылады. Кеңесте Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсесі, білім басқармасы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің өкілдері баяндама жасады.

Leave a Reply