Жүргізу үшін міндетті құжаттар

Оқу жылының аяқталуымен мектеп мұғалімдерінен жазғы демалысқа шығар алдында есеп, портфолио және тағы басқа құжаттар тапсыру қажеттігіне қатысты сұрақтар саны артып келеді.

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары БАҚ, әлеуметтік желілер, телефон арқылы облыс педагогтеріне жүргізу үшін міндетті құжаттарға қатысты түсіндірмелер береді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 06 сәуірдегі №130 бұйрығымен педагогтерге жүргізу үшін міндетті келесі құжаттар бекітілді:

  1. Орта білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:

1.1. білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша (барлық пәндердің педагогтері):

 1) орта білім беру ұйымдарына арналған 1-4 сыныптарға арналған сынып журналы;

 2) орта білім беру ұйымдарына арналған 5-11 (12) сыныптарға арналған сынып журналы;

 3) орта білім беру ұйымдарына арналған мектепалды сыныптарының журналы;

 4) орта білім беру ұйымдарына арналған факультативтік сабақтардың немесе үйде оқыту журналы;

 5) орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспары;

 6) орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспары;

 7) жиынтық бағалау жүргізу қорытындылары бойынша талдау туралы мәліметтер;

 8) тәлімгер педагогтің жас маманмен жұмыс жоспары.

 1.2. білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді тәрбиелеу бойынша (сынып жетекшісінің функциясын атқаратын педагог):

 1) тәрбие жұмысы жоспары;

 2) орта білім беру ұйымдарына арналған ата-аналар жиналысының хаттамасы;

 3) орта білім беру ұйымдарына арналған білім алушының жеке іс қағазы;

 4) орта білім беру ұйымдарына арналған 1-4 сынып білім алушысының үлгерімі туралы табель;

 5) орта білім беру ұйымдарына арналған 5-11 (12) сынып білім алушысының сабақ үлгерімі туралы табель;

Мектеп педагогтерінен берілген тізбеден басқа құжаттар жүргізуді талап ету, жоғарыда көрсетілген бұйрық талаптарын бұзушылық болып табылады.

 

 

Leave a Reply