ЖОО және колледждердің қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалануға дайындығы бойынша мониторинг

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (БССҚЕД) тарапынан 2020 жылдың 14-17 сәуір аралығында облыстағы ЖОО мен колледж студентерінің қашықтықтан оқыту технологиясына қол жетімділігін анықтау мониторингі жүргізілді.

Мониторингпен 68 колледж және 3 ЖОО қамтылды. Мониторинг барлық ЖОО қашықтықтан оқыту тәртібіне көшкенін және қашықтықтан оқыту технологиялары студенттер үшін қолжетімді екенін көрсетті. 68 колледжді зерделеу барысында төмендегідей проблемалар анықталды:

– 29 колледжде қашықтықтан оқыту технологиялары жоқ;

-қашықтықтан оқыту технологияларына 8780 оқушының қол жеткізу мүмкіндігі жоқ;

– 49 колледжде интернет жылдамдығы нормадан төмен (30 МБ/с), ауылдық жерлердегі 8 колледжде интернет жылдамдығы 4-тен 8 МБ/с дейін болып тұр.

БССҚЕД жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша Алматы облысының білім басқармасы тарапынан колледждерді платформаларға қосу, студенттерді қашықтықтан оқыту технологияларымен жаппай қамту жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі күні БССҚЕД тарапынан облыс колледждеріндегі қашықтықтан оқыту жағдайына күнделікті мониторинг жүргізіліп, олардың нәтижесі бойынша облыстық білім басқармасына, колледждерге жұмысты жақсарту туралы дер кезінде ұсыныстар жолдануда.

 

 

Leave a Reply