Жаңалықтар

Бүгін Алматы облысының «Жетісу Медиа» өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында департамент басшысы С.Н.Кабимолдаева «Оқу жылын аяқтаудың және педагогтердің құқықтарын қорғаудың кейбір мәселелері туралы» тақырыбында брифинг өткізді

Оқу жылының аяқталуы қарсаңында мектеп бітіру іс-шараларын ұйымдастыру өзекті мәселе болып қала береді. Мектеп бітіру іс-шаралары мектеп қабырғасында және аумағында өтеді. Педагогтерге сыйлықтар үшін ақшалай қаражат жинауға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға және т.б. қатаң тыйым салынады.

Педагогтердің құқықтарын сақтау және қорғау мәселесі өткір мәселелердің бірі болып қала береді. Облыс педагогтері департаменттің «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы талаптарының сақталуын бақылау қызметін белсенді пайдаланады. Департамент жанынан консультативтік-кеңесші орган (ККО) құрылған. ККО ұсынысы бойынша мектеп директорлары мен балабақша меңгерушісі қызметінен босатылды. 2 мектеп директоры және 1 балабақша меңгерушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Департаментке педагогтер мен ата-аналардан өтініштер келіп түседі. Егер 2021 жылы 225 өтініш келіп түссе, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 60 өтініш келіп түсті, олардың көпшілігі педагогтердің құқықтарын бұзу, мектеп басшыларының педагогикалық этиканы бұзуы, педагогтерді өзіне тән емес функцияларға тарту фактілеріне қатысты болды. Үш айда 12 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, тәртіптік жазалау шаралары қабылданды. Жоспардан тыс тексерулерді талдау, өтініштердің көбеюінің себебі ұйымдар мен білім беру органдары әкімшіліктерінің ата-аналармен, қоғам өкілдерімен, сондай-ақ ұжым ішіндегі мұғалімдер арасында сындарлы диалог орната алмауында екенін көрсетеді.

Мектеп өмірінің қазіргі сәтінің тағы бір ерекшелігі шағымдарға «мамандандырылған» мұғалімдердің пайда болуы болды. Мұндай педагогтердің әлеуметтік желілерде белсенді болуы, олардың құзыретті органдарға жолдауларын әзірлеуі өз сабақтарына дайындалуға, өз бетінше білім алуға, тәрбие жұмысына, ата-аналармен және әріптестермен кәсіби қарым-қатынасқа бөлетін уақыттарына үлкен әсерін тигізеді. Осының барлығы нәтижесінде біздің оқушыларымыздың білім сапасына әсер етеді.

Білім беру саласындағы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, педагог мәртебесін сақтау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

2022 жылдың 18 сәуірінде Алматы облысында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу басталды

Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ Заңның 55-бабының 4-тармағына сәйкес 4 және 9-сынып білім алушыларының арасында жүргізіледі.
ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) қолдана отырып, оқыту тілінде үш бағыт (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша жүргізіледі.
ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, оқыту тілінде екі бағыт (математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша, үш тілде (орыс, қазақ және ағылшын) бір бағыт (оқу сауаттылығы) бойынша жүргізіледі.
Тестілеу тапсырмаларының санын, мазмұны мен нысанын, сондай-ақ тестілеуге бөлінетін сағат санын МЖБС-ға сәйкес тест спецификациясы айқындайды.

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Төле би атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік аттестаттау өткізілді

2022 жылдың 28-31 наурыз күндері «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Төле би атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік аттестаттау өткізілді. Аттестаттау комиссиясы оқытудың негізгі бағыттары мен объектілері бойынша өзін-өзі бағалау материалдарына, оның ішінде ұсынылатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізді.

Өзін-өзі бағалау материалдарын зерделеп, оларды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен және ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерімен салыстыра отырып, комиссия «Төле би атындағы орта мектеп» КММ қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне бағалау және талдау жүргізді.

Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Төле би атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің білім беру қызметі бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес келмегендіктен, аттестаттау комиссиясы «аттестаттамау» туралы шешім қабылдады.

«Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алғабас орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік аттестаттау өткізілді

2022 жылдың 28-31 наурыз күндері «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алғабас орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік аттестаттау өткізілді. Аттестаттау комиссиясы оқытудың негізгі бағыттары мен объектілері бойынша өзін-өзі бағалау материалдарына, оның ішінде ұсынылатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізді.

Өзін-өзі бағалау материалдарын зерделеп, оларды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен және ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерімен салыстыра отырып, комиссия «Алғабас орта мектебі» КММ қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне бағалау және талдау жүргізді.

Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алғабас орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің білім беру қызметі бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес келмегендіктен, аттестаттау комиссиясы «аттестаттамау» туралы шешім қабылдады.

«Хан» бөбек-жай балабақша  ЖШС-не мемлекеттік аттестаттау өткізілді

2022 жылғы 17-18 наурыз күндері Енбекшіқазақ ауданы, «Хан» бөбек-жай балабақша  ЖШС-не мемлекеттік аттестаттау өткізілді. Аттестаттау комиссиясы оқытудың негізгі бағыттары мен объектілері бойынша өзін-өзі бағалау материалдарына, оның ішінде ұсынылатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізді. Өзін-өзі бағалау материалдарын зерделеп, оларды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен және ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерімен салыстыра отырып, комиссия бөбекжай-балабақша қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне бағалау және талдау жүргізді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың МЖМБС талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты аттестаттау комиссиясы Енбекшіқазақ ауданы, «Хан» бөбек-жай балабақша  ЖШС-н «аттестаттамау» туралы шешім қабылдады.

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлері Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Алматы облысына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беру жөніндегі комиссия отырысына қатысты

2022 жылдың 25 наурызында Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлері Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Алматы облысына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беру жөніндегі комиссия отырысына қатысты.

«Алматы облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік аттестаттау өткізілді

2022 жылдың 14-16 наурыз күндері «Алматы облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік аттестаттау өткізілді. Аттестаттау комиссиясы оқытудың негізгі бағыттары мен объектілері бойынша өзін-өзі бағалау материалдарына, оның ішінде ұсынылатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізді.

Өзін-өзі бағалау материалдарын зерделеп, оларды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен және ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерімен салыстыра отырып, комиссия «Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне бағалау және талдау жүргізді.

«Алматы облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің білім беру қызметі бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес келмегендіктен, аттестаттау комиссиясы «аттестаттамау» туралы шешім қабылдады.

Жамбыл ауданы «Мамажанова Улжан» «Айлы» балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мемлекеттік аттестаттау өткізілді

2022 жылдың 17-18 наурыз күндері Жамбыл ауданы «Мамажанова Улжан» «Айлы» балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мемлекеттік аттестаттау өткізілді. Аттестаттау комиссиясы оқытудың негізгі бағыттары мен объектілері бойынша өзін-өзі бағалау материалдарына, оның ішінде ұсынылатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізді.

Өзін-өзі бағалау материалдарын зерделеп, оларды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен және ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерімен салыстыра отырып, комиссия «Мамажанова Улжан» «Айлы» балабақшасы» ЖШС қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне бағалау және талдау жүргізді.

«Мамажанова Улжан» «Айлы» балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің білім беру қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес келмегендіктен, аттестаттау комиссиясы «аттестаттамау» туралы шешім қабылдады.

«Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балбөбек» бөбекжай-балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына мемлекеттік аттестаттау өткізілді

2022 жылдың 17-18 наурыз күндері «Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балбөбек» бөбекжай-балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына мемлекеттік аттестаттау өткізілді. Аттестаттау комиссиясы оқытудың негізгі бағыттары мен объектілері бойынша өзін-өзі бағалау материалдарына, оның ішінде ұсынылатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізді.

Өзін-өзі бағалау материалдарын зерделеп, оларды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен және ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерімен салыстыра отырып, комиссия «Балбөбек» бөбекжай-балалар бақшасы» МКҚК қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне бағалау және талдау жүргізді.

«Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балбөбек» бөбекжай-балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының білім беру қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес келмегендіктен, аттестаттау комиссиясы «аттестаттамау» туралы шешім қабылдады.