Жамбыл ауданының мектеп директорларымен бейне конференц байланыс арқылы кездесу

  2020 жылдың 10 маусымында Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Кабимолдаева Сауле Нурахановна Жамбыл ауданының мектеп директорларымен бейне конференц байланыс арқылы кездесу өткізді. Аудандағы мектеп бітірушілерге ҰБТ-ді санитарлық және нормативтік талаптарды сақтай отырып сәтті тапсыруды тіледі. Сауле Нұрахановна ҰБТ кезінде қаражат жинау және басқа да заңсыз әрекеттерге жол бермеу қажеттігін ескертті. БССҚЕД басшысы мектеп жұмысын жақсарту, жаңа оқу жылына дайындық және т.б. жұмыстар бойынша нақты ұсынымдар мен жөнді кеңестер берді.

ҰББДҚ-ғы мәліметтің нақтылығын қамтамасыз етуде, педагогтердің толтыруға міндетті құжаттар тізбесін сақтауда мектеп директорларының жауапкершілігі артты. Ағымдағы жылдың 1-сәуірінен педагог құқығын бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту департамент құзырлығына жататынын ескерте отырып, С.Кабимолдаева педагогтерді департаменттің сайты және әлеуметтік желі арқылы белсенді, нәтижелі қарым қатынасқа шақырды.

Leave a Reply