Департамент туралы

Департамент міндеттері:

— Алматы облысындағы білім беру ұйымдарының білім беру қызметінің сапасына сырттай тәуелсіз бақылауды жүзеге асыру;

— білім беру жүйесін дамыту мақсатында білім беру ұйымдарында қордаланған мәселелерді айқындау және оны шешудің тиімді жолдарын қарастыру;

— мектепке дейінгі, жалпы орта және кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыруға қол жеткізу.

Департамент функциялары:

  • бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру қызметін жүргізу үшін лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру және лицензиялық бақылау жүргізу. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары хабарламаларының мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
  • ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу;
  • Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының және басқа да нормативтік-құқықтық актілер мен білім беру қызметін лицензиялау талаптарының сақталуына жоспарлы, жоспардан тыс тексерулер өткізу;
  • оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және өткізуге қатысу.
  • бірыңғай ұлттық тестілеуді ұйымдастыру және өткізуге қатысу.
  • білім беру сапасын сырттай бағалау әдісі бойынша білім беру мониторингісін өткізу.

Қойылған мақсаттарға жету үшін Департамент өз қызметін Алматы облысындағы білім саласындағы мемлекеттік органдар, ұйымдар және мекемелермен тығыз ынтымақтастықта және өзара іс-әрекет жасау арқылы жүзеге асыру көзделген.

«Алматы облысының білім саласындағы сапаны 0амтамасыз ету департаменті» ММ

Мекен-жайы: 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр  көшесі, 27.

Байланыс телефондары: 8 (7282)  24-79-91.
e-mail: almobldkso@mail.ru

Азаматтарды жеке мәселе бойынша қабылдау күні –сейсенбі, бейсенбі, сағат 15-00 ден 18-00 дейін

Сенім телефоны  8 (7282) 40-12-34