Департаменттің азаматтардың арыз-шағымдары бойынша 2019 жылы атқарған жұмысы туралы АҚПАРАТ  

       2019 жылдың 12 айында Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің атына азаматтардың 75 арыз-шағымдары, оның ішінде 56-сы ТӨБЕ (тұлғалар өтініштерінің бірыңғай есебі) базасы , 19-ы – БҒМ және басқа мемлекеттік органдар арқылы, түсті. Бұл 2018 жылы тіркелген 39 арыздан 36-ға немесе 92,3% артық. Барлық арыздар бойынша Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарау тәртібі туралы» Заңының (ары қарай Заң) талаптарына сәйкес тиісті шаралар қолданылды. Атап айтқанда, 22 арыз Заңның 7-бабының 6- тармағы бойынша қарау үшін басқа органдарға жолданды, 25 арыз бойынша 9 баптың 3-тармағы 3-тармақшасына сәйкес түсініктемелер берілсе, иесі бүркемеленген 4 арыз Заңның 5-бабының 1-тармағы 1  -тармақшасына сәйкес қараусыз қалдырылды.

     24 арыз бойынша жоспардан тыс тексерулер тағайындалып, оның 11 жалпы білім беретін мектептерде, 6 аудандық, қалалық білім бөлімдерінде, 3 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, 3 қосымша білім беру ұйымдарында және 1 колледжде жүргізілді. Жоспардан тыс тексерулер барысында арыздардың 15-де келтірілген уәждер өз дәлелін тапты.   7 мектепте, 4 аудандық, қалалық білім бөлімдерінде, 1 балабақшада, 2 қосымша білім беру ұйымдарында және 1 колледжде заңбұзушылықтар анықталды. Анықталған білім саласындағы заңнама талаптарын бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 409-бабы бойынша 15 әкімшілік өндіріс , оның ішінде, 1-бөлігі бойынша 3 іс, 3-бөлігі бойынша 1 іс, 4-1-бөлігі бойынша 6 іс, 6-бөлігі бойынша 4 іс қозғалды.  Кінәлі тұлғаларға департамент басшысының құзырымен 185 АЕК, немесе 467 мың 125 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. 1 әкімшілік іс Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 409-бабының 7-бөлігі бойынша қозғалып, осы Кодекстің 684-бабында көрсетілген тәртіппен қарау үшін сотқа жолданды.

        36 арызда арызданушылар білім беру ұйымдары басшыларының заңсыз ақша жинау, педагогтық жүктемені әділ бөлмеу, педагогтық әдеп нормаларын бұзушылық, функционалдық міндеттерді дұрыс атқармау сияқты заңбұзушылықтары бойынша арызданған. Бұл 2019 жылы тіркелген барлық арыз-шағымдардың 48% құрады. Аудандық, қалалық білім бөлімдері басшыларының тарапынан жіберілген мектеп директорларын тағайындау тәртібін бұзушылық, жеке меншік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырысты дұрыс бөлмеу сияқты мәселелер бойынша 9 арыз жазылды. Ата-аналар 5 рет білім беру сапасының төмендігіне, 3 рет педагогтар тарапынан жіберілген педагогтық әдеп нормаларын бұзушылық фактілеріне шағымданды. Бұған қосымша, департамент қызметкерлері азаматтарға біліктілікті арттыру курстарын өту тәртібі, оқулықтармен қамтамасыз ету, білім беру қызметін лицензиялау, білім туралы құжаттарды апостилдеу сияқты мәселелер бойынша түсініктемелер берді.

        Тұрғындары арызданған  облыс аудандары мен қалалары бойынша жасалған талдау төмендегідей:

  • Ақсу ауданы – 1
  • Алакөл ауданы – 0
  • Балқаш ауданы – 1
  • Еңбекшіқазақ ауданы – 23
  • Ескелді ауданы – 1
  • Жамбыл ауданы – 1
  • Іле ауданы – 4
  • Қаратал ауданы – 0
  • Қарасай ауданы – 6
  • Көксу ауданы – 0
  • Кеген ауданы – 0
  • Кербұлақ ауданы – 1
  • Панфилов ауданы – 1
  • Райымбек ауданы – 0
  • Сарқан ауданы – 0
  • Талғар ауданы – 3
  • Ұйғыр ауданы – 1
  • Қапшағай қ. – 2
  • Талдықорған қ. – 29
  • Текелі қ. – 0
  • Республиканың басқа өңірлері – 1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Leave a Reply