Ведомствоаралық комиссия отырысына қатысу туралы

Ағымдағы жылдың 15 мамырында Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Сауле Нурахановна Кабимолдаева, департамент басшысының орынбасары Айымгүл Саиновна Кулахметова бейнеконференция арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы отырысына қатысты. Отырыста ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан білім беру ұйымдарының түлектерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша сұрақтар қарастырылды.

Leave a Reply