Білім туралы құжаттарға апостиль қою  

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті міндеттерінің бірі білім туралы құжаттарға апостиль қою болып табылады.

Апостиль қою рәсімі –  басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдары берген құжаттарға арнайы мөртабан (апостиль) қою.

2019 жылы 293 құжатқа апостиль қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді. 2020 жылдың І тоқсанында 40 құжатқа апостиль қойылды, оның ішінде:

-жоғары білім туралы -17,

– кәсіби-техникалық білім туралы -3,

– орта білім туралы -15,

– анықтамалар бойынша -5.

2019 жылы Оңтүстік Корея аумағында пайдалану үшін-120, Түркияда пайдалану үшін -42 құжат дайындалды. 2020 жылдың І тоқсанында да осы көрсеткіш жоғары: Оңтүстік Корея мен Түркия аумағында  апостиль қойылған  білім туралы 14 құжаттан пайдаланылады.

Leave a Reply