Білім саласындағы мемлекеттік бақылау

         2021 жылдың ақпан айында бару арқылы профилактикалық бақылау шараларымен облыстағы 12 мектеп қамтылды. Бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу барысында барлық мектептерде білім саласындағы заңнаманы бұзудың барлығы 67 фактісі анықталды, оның ішінде 27 өрескел бұзушылық, елеулі – 13, болмашы – 27. Профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша 12 мектепке тексеріс барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым енгізілді.

         Анықталған бұзушылықтардың басымы білім беру қызметін ұйымдастыру қағидалары талаптарының орындалмауы: 7 мектепте әкімшілік мәліметтер нысандары бойынша білім беру мониторингі шеңберінде сенімді және толық ақпараттың болмауы, 12 мектепте атқарылатын лауазымының сабақ беретін пәнінің бейініне сәйкес келмейтін педагогтер анықталды, ал 6 мектептің  сынып журналдарында білім алушыларына ағымдық бағалар немесе балл арқылы ағымдық бағалау, тоқсандық және жылдық бағалар қойылмаған.

         «Педагог мәртебесі» Заңының талаптары бұзылған: 9 мектепте білім беру ұйымдарының педагогтерін бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттыру курстарынан өткізуге жағдайлар жасалмаған.

          Мемлекеттік міндетті жалпыға білім беру стандартының талаптары бұзылған: 3 мектептің оқу жұмыс жоспарында, сабақ кестелерінде білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің көлемі факультативтік, үйірме, топ және жеке сабақтардың максималды көлемімен сәйкес келмейтіні және 2 мектепте денсаулықтарына байланысты үйден оқитын балаларға арналған жоспарлары үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келмейді.

          Сонымен қатар, құжаттарды жүргізу бойынша 7 мектеп, материалдық-техникалық базалары төмен 6 мектеп және негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін 1 мектеп анықталды.

       Профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша білім бөлімінің басшыларымен, мектеп директорларымен кеңес өткізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді және білім саласындағы заңнамаларға енгізіліп жатқан өзгерістер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Leave a Reply