Білім саласындағы бақылау департаментінің Алматы облысы бойынша өткізілген «Ашық мемлекет» атты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер презентациясына қатысу туралы ақпарат

1

 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы облысы бойынша департаментінің 23.06.2016 ж. №05-01-9/1347 хатына сәйкес Білім саласындағы бақылау департаменті Алматы облысы бойынша өткізілген «Ашық мемлекет» атты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер презентациясына қатысты.

    2016 жылдың 6 маусымда Астана күнінде өткізілген акцияға 41 мемлекеттік орган қатысты.  Аталған презентация мақсаты – мемлекет имиджін арттыру, «ашық есік» принципін жүзеге асыру, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызмет көрсетуді көпшілікке мәлім ету.1-1

     Өз қызметтері туралы видеоматериалдар көрсетіп, буклеттер және жадынамаларды таратып,  кеңес беріп, департамент қызметкерлері азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы түсіндірді.

 Мемлекеттік қызмет көрсету туралы материалдар арқылы көптеген көрермен мағлұмат алып,  білім беру саласын дамытуға, жақсартуға бағытталған ойларын іске асыру жолдарының мүмкіндігін көрді.

 

 

Leave a Reply