Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің жұртшылық өкілдерімен есепті кездесудегі баяндамасы

27 сәуір күні, сағат 11:00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (Астана қ., Қ. Сатбаев көшесі, 2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің жұртшылық өкілдерімен есепті кездесуі өтті.

Кездесу барысында министр білім және ғылым жүйесінің негізгі даму бағыттарын баяндап, сұрақтарға жауап берді.

Кездесуде ақпараттық алаң ұйымдастырылып, онда салалық департаменттер мен бейінді комитеттер азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, оларды қызықтыратын мәселелер бойынша кеңес берді. Ақпараттық алаң өз жұмысын сағат 10:00-де университет фойесінде бастады.

Есепті кездесудің тікелей көрсетілімі www.bnews.kz(link is external) ақпараттық интернет порталында жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің жұртшылық өкілдерімен есепті кездесуінің тікелей көрсетілімі.

Leave a Reply