Білім беру ұйымдары басшыларының аттестаттаудан өтуі

2020 жылы Алматы облысында 13 мыңнан астам педагог аттестаттаудан өту жоспарланған. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті педагогтарға аттестаттаудан өту ерекшеліктерімен таныстыруды жалғастыруда.

Қазақастан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халық алдында есеп беру кездесуінде алғаш рет білім беру ұйымдарының басшылары үшін аттестаттау енгізілгенін, аттестаттаудың нәтижелері бойынша оларға 30%-дан 100%-ға дейін қосымша ақы төленетін біліктілік санаттары берілетінін атап өтті.

Директорлар үшін аттестаттаудан өту тәртібі:

  • Тест тапсыру. Директорлар заңнаманы білу бағыты бойынша 80 сұрақ және басқару құзыреті бағыты бойынша 20 сұрақтан тұратын тест тапсырады.

2) Біліктілік бағалау. Бұл кезеңде директорлардың құжаттары бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігі тексеріледі.

3) Қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау. Жұмысының нәтижесі, мектептің көрсеткішінің нәтижесі, білім сапасы сарапталады.

Директорларға үш біліктілік беріледі. Біліктілігіне сәйкес жалақысына 30%-дан  100% -ға дейін үстемақы алады.

Директордың орынбасары үшін аттестаттаудан өту тәртібі:

1) Біліктілік бағалау.

2) Қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау.

Директордың орынбасарына да үш біліктілік беріледі. Олар ұлттық біліктілік тест тапсырмайды.

Leave a Reply