2016 жылдың 14-15 қазан аралығында Алматы облысының білім саласындағы бақылау департаменті тарапынан Еңбекшіқазақ ауданы Райымбек батыр атындағы орта мектепте аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары және мамандарының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Департамент басшысы С.Досматова семинар-кеңеске қатысушыларды Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау
Ережесінің жобасы туралы ақпарат берді. 2015-2016 оқу жылында облыстың білім беру ұйымдарында өткен бақылау шараларының қорытындысымен білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Г.Ажикенова таныстырып өтті. Аудандық білім бөлімдерімен 2017 жылы мемлекеттік аттестацияға жататын білім ұйымдарының тізімі келісілді.