Білім беру қызметін лицензиялау комиссиясының отырысы

      2020 жылдың 29 мамырында білім беру қызметін лицензиялау бойынша комиссия отырысы өткізілді. Күн тәртібінде «Іле ауданының білім бөлімі» ММ «№46 орта мектеп» МКМ 2020 жылдың 12 мамырында «Бастауыш білім беру», «Негізгі орта білім беру» және «Жалпы орта білім беру» қызметтің кіші түрлеріне білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия және лицензияға қосымша алуға тіркелген өтінішін «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығын басшылыққа ала отырып, біліктілік талаптарының орындалуы қаралды.

      Аталған білім беру ұйымының заңды тұлға ретінде лицензия және лицензияға қосымша алуға берген өтініші бойынша комиссия білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін қарап, ұсынылған құжаттарды тексеру барысында анықталған нәтижені талқылай келе, «Іле ауданының білім бөлімі» ММ «№46 орта мектеп» МКМ білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия және «Бастауыш білім беру», «Негізгі орта білім беру» және «Жалпы орта білім беру» қызметтің кіші түрлеріне лицензияға қосымша берілді.

Leave a Reply