Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру

       2021 жылдың 1-тоқсанында Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттің «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасында 230 өтініштің 1 бастауыш мектепке (Іле ауданы «Жан Нур ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) лицензия алуға, 219-і лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге. Қалған 10 өтінішке  (1 кешкі (ауысымдық) жеке мектебі, 9-колледж) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес келмегендіктен дәлелді бас тартылды.

Оның ішінде негізгі кемшіліктер: заңды тұлғалардың педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы, оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы нысандар талапқа сай толтырылмаған. Сұратылып отырған мамандыққа немесе біліктілікке сәйкес практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттары талапқа сай емес. Оқу жұмыс жоспарлары үлгілік оқу жоспарларына немесе мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес құрастырылмаған және т.с.с.

         2021 жылдың 26 ақпанында облыстық Журналисттер үйінде Департаментінің көрсететін мемлекеттік қызметтері туралы тақырыбында баспасөз конференциясы өткізілді. Баспасөз конференцияда облыстық газеттер және теледидар журналисттері қатысты.

         2021 жылдың 1 тоқсанында Департаменттің  Instagram, Facebook, Telegramm әлеуметтік желілерде білім саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сұрақтары бойынша 36 жарияланым орналастырылды.

Департаменттің интернет-ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат үнемі жаңартылып отырады.

Leave a Reply