Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру

       Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті міндеттерінің бірі білім беру ұйымдарына білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру болып табылады.

      2019 жылы департаменттің «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелген 318 өтінішке мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсетілген 318 өтініштің 38-і лицензия алуға, 153-і лицензияға қосымша алуға, 127-і лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге. Қорытындысында 15 лицензия, 55 лицензияға қосымшалар беріліп, 102 лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар қайта ресімделді. Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес келмегендіктен қалған 146 өтінішке дәлелді бас тартылды.

      Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсетілген 38 өтініштің 5-і лицензия алуға, 9-ы лицензияға қосымша алуға, 24-і лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге. Қорытындысында 2 заңды тұлғаға түрлі біліктіліктер бойынша 3 лицензияға қосымшалар беріліп, 16-ы қайта ресімделді, қалған 19 өтінішке білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес келмегендіктен дәлелді бас тартылды.

Leave a Reply