Былтырдан бері БҒМ педагогтік мамандықтар бойынша жоғары оқу орнына түсуші үміткерлерге деген талаптарды күшейтті

        Былтырдан бері БҒМ педагогтік мамандықтар бойынша жоғары оқу орнына түсуші үміткерлерге деген талаптарды күшейтті. Егер бұрын болашақ педагогтер үшін ҰБТ-дан алатын бағаның төменгі шегі 50 балл болса, қазір ол 75 баллға көтерілді. Педагогтік мамандықтарға түскендердің орташа бағасы 90 баллға жетті. Қазақстанда педагогтің мамандықтарға түсуші «Алтын белгі» иегерлерінің саны 2 есеге көбейді. Бұл мұғалім мамандығына мықты кадрлардың келуін қамтамасыз етеді. Осы туралы сала алқасының кеңейтілген отырысында ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлаған болатын.

        Бұған қосымша болашақ педагогтердің шәкірт ақылары 42 мың теңгеге дейін өсті.

        «2021 жылдан бастап педагогтік мамандықтар бойынша жұмысқа тұру үшін үміткерлер кәсіби шеберлік бойынша сертификаттаудан өту керек, яғни дипломға қосымша біліктілік тағайындалатын болады»,-деді министр. Бұл шаралар педагог мамандығына деген қызығушылықты арттырып, кадрлардың кәсіби деңгейін көтеруге мүмкіншілік береді.

Leave a Reply