Бейнебақылау камералары балаларға қатысты бұзушылықтарды жедел анықтауға көмектеседі

Білім беру ұйымдарында бейнебақылау жүйелерін орнатқаннан кейін балаларға қатысты жасалған бұзушылықтарды жедел анықтауға мүмкіндік туды. Жергілікті атқарушы  және қорғаншылық органдары, қоғам белсенділері бейнекамералардағы жазбалар бойынша мониторинг жүргізіп, фактілері анықталған жағдайда бірігіп дабыл қағып, тиісті шаралар қолданады.

Бүгінгі таңда бейнебақылау жүйелері меншік нысанына қарамастан, Алматы облысының мемлекеттік, сондай-ақ жекеменшік мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында орнатылған.

Білім беру ұйымдарында орнатылған бейнекамералардың арқасында балалардың құқықтарын бұзу және оларға қатыгездік таныту фактілерін дер кезінде анықтап, жедел шара қолдануға толық мүмкіндік бар.

Leave a Reply