«Барлық келелі мәселені бірге шешетін боламыз!»

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаменттері алдына өз жұмыстарын бүгінгі коронавирус пандемиясы кезеңінде туындаған жаңа талаптарға сәйкес қалыптастыру туралы міндет қойды: «Бүгінгі күні азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел әрі тиімді әрекет ету маңызды». Педагог мәртебесі туралы заңнама орындалмау мәселесі ҚР Үкіметінің және барлық  қоғамға маңызды болғанымен Алматы облысы үшін өзекті.

Департаментке педагогтер, ата-аналар, азаматтар тарапынан білім саласындағы бұзушылықтарға байланысты өтініштер келіп түсуі жалғасуда. Алматы облысының мұғалімдерінен жасырын түрде алынған сауалнама қорытындысы бойынша «Педагог мәртебесі туралы» Заңды бұзушылықтар орын алатыны дәлелденді. «Қашықтықтан оқыту барысында есеп алуды тоқтату туралы министрдің бұйрығы орындалады ма?» деген сауалға сұралған педагогтердің 45% «жоқ» деген жауап берген, «Мектеп әкімшілігі өз қаражытыңызға газетке жазылуға мәжбүрлей ма?» деген сұраққа 86% педагог «иә» деп жауап берген. Сонымен қатар, құзіретті органдарға өтініш түсіру арқылы бұзушылықтарды болдырмауға талпынған педагогтерге білім беру ұйымы басшылары қысым көрсетеді: «Басшылық туындаған мәселелер туралы чатқа жазбауды талап етеді ма?», «Басшылық сұрақтар бойынша оң жауап беруді талап етеді ма?» деген сұрақтарғаа 70 % мұғалім «иә» деп жауап берген.

 

Құрметті педагогтер, қымбатты достар!

Сіздерде білім беру саласына және колледж, мектептердің қашықтықтан оқытылуына қатысты сұрақтар туындаса және мектеп әкімшілігінің есеп сұрағаны,  жоспраланбаған мониторинг және білім беру ұйымы әкімшілігі тарапынан тексеру жүргізілгені туралы фактілер бойынша ақпарат бергіңіз келсе, Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің сайтына жолдауларыңызға Almoblcontrol.kz, сонымен қатар, 8(7282)24-79-91, 24-75-13; WhatsApp: 87015771142;  87022573790 телефондары арқылы хабарласуларыңызға болады

«Барлық келелі мәселені бірге шешетін боламыз!»

 

 

 

 

Leave a Reply