Балалар құқығын қорғау

Кулахметова Айымгуль Саиновна — балалардың құқығын қорғау сұрақтары бойынша департамент басшысының орынбасары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті “Бақыт отбасынын басталады” атты республикалық бейне интернет – жоба конкурсының басталғандығын жариялайды

Кәмелетке толмағандардың заңды мүдделерін және құқықтарын қорғау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 “Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы” қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізілген хабарлайды  (ҚР Үкіметінің 2020 жылдың 18 наурыздағы № 122 қаулысы).

         Алматы облысы әкімдігінде құрылған Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамына Департамент басшысының орынбасары Айымгуль Саиновна Кулахметова (байланыс телефоны 87022573790) енгізілді.

         Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау проблемаларын кешенді шешуді іске асыруға бірыңғай мемлекеттік көзқарасты жүзеге асыру мақсатында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы ереже Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес бірыңғай мемлекеттік тәсілді жүзеге асыруға ықпал етеді.

 


Алматы облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті облыстық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері (бұдан әрі – ППТК) қызметіне мониторинг жүргізді.

Облыста 19 ППТК бар, Қазақстан Республикасы Білім дәне ғылым министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы  №66 «Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметін үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес сабақтың ұзақтығы ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың жасына байланысты 20-40 минут аралығында жүргізілетіндіктен осы уақытқа дейін 2842 баламен жұмыс жүргізілген, кезекте тұрған баланың саны-2687.

Қызметкерлер штатын кеңейту қажеттілігі және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету үшін қажетті жабдықтардың тапшылығы анықталды. Мониторинг барысында анықталған барлық проблемалар қажетті шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға жолданды.


Алматы облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың (бұдан әрі – ПМПК) қызметіне мониторинг жүргізді.

Облыста 7 ПМПК бар: Талдықорған, Есік, Талғар, Жаркент, Үшарал қалаларында, Өтеген батыр кенті, Кеген ауылы. Бұлар мүмкіндігі шектеулі балаларға сапалы қызмет көрсету үшін жеткіліксіз. Облыста 0-ден 18 жасқа дейінгі 756603 бала тіркелген. Норматив бойынша бір ПМПК-ға 60 мың бала келеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеруді сапалы жүзеге асыру үшін қосымша психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар ашу қажеттілігі бар. Сондай-ақ қызметкерлер штатын кеңейту қажеттілігі және қажетті жабдықтардың тапшылығы бар. Мониторинг барысында анықталған барлық проблемалар қажетті шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға жолданды.

 

 


 

Мектептегі жәбірлеу

Көбінесе балалар мен жасөспірімдер агрессия мен психологиялық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Бұл әлеуметтік проблема бүкіл әлемде апаттың ауқымына ие болып, әртүрлі елдердің үкіметтерін оның алдын-алу үшін заңнаманы жедел жетілдіруге және тиімді алдын-алу шараларын жасауға мәжбүр етеді. Қазақстанда да балалар жиі зорлық-зомбылық құрбаны болады. Әрі бұрыннан және аяусыз, суицидқа дейін жеткізеді.

Мәжіліс депутаттары кейбір заңнамалық актілерге балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңнамалық бастама көтерді.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Динара Закиева “жәбірлеу” ұғымын қолданыстағы екі заңға –”Білім туралы” және “Бала құқықтары туралы” заңға енгізу жоспарланғанын хабарлады.

         Департаменттің құзырына 2020 жылдан бастап Балалардың құқықтарын қорғау функциясы енгізілді. Балалардың құқықтары бұзылған, жәбірленуіге ұшыраған, зорлық-зомбылық көрген  жағдайда Департамент басшысының орынбасары Құлахметова Айымгүл Сайынқызына, 87022573790 телефоны арқылы хабарласуларыңызға болады.


 

2021 жылдың 3 наурызы күні  Департамент басшысының орынбасары А.Құлахметова аудандық, қалалық білім бөлімдерімен қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі мамандарымен өткізген «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қамтамасыз ету» туралы онлайн бейне конференц байланыс жиналысқа қатысты.

3 марта 2021 года заместитель руководителя Департамента А. Кулахметова приняла участие в онлайн видеоконференции «Обеспечение прав детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей», для специалистов по опеке и попечительству районных, городских отделов образования Алматинской области.


2021 жылдың 23 ақпаны күні Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаменті басшысының орынбасары А.С.Құлахметова аудандық, қалалық білім бөлімдерінің қорғаншылық және қамқоршылық ұйымдары мамандарымен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қамтамасыз ету сұрағы бойынша бейнеконференц байланыс арқылы кеңес өткізді.


Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Құлахметова Айымгүл Сайынқызы осы жылдың 3 қарашасы күні Қазақстан коммунистік халық партиясы қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды қорғау және балаларды қорқыту шаралары» дөңгелек үстеліне қатысты.

 

 

 

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті  🔷 ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау комитетінің Telegram мессенджеріндегі «BALA QORǴAÝ» чатына мектеп бітіруші түлек Дәрия Дарханқызынан «Мәртебелі мұғалім деген мамандық иелерін құрметтейік! Ұстаздарымыздың беделі мен абыройына сыйлық беріп нұқсан келтірмейік!» челленджі бастау алғандығы туралы  келіп түскен хатын бір ауыздан қолдайды.

Мектеп бітіруші түлектің бұл бастамасы орынды болғандықтан қолдап, Дәрияның хатын қалың оқырман назарына ұсынып отырмыз. Құрметті оқырман, Сіз де бұл челленджді қолдайды деген ниеттеміз!

 


📢 #ҰСТАЗДЫСЫЙЛА