Ақсу, Сарқан ауданы мектеп директорларымен бейнеконференц байланыс арқылы кездесу

2020 жылдың 27 мамырында Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Ақсу, Сарқан ауданы мектеп директорларымен бейнеконференц байланыс арқылы кеңес өткізді. Департамент басшысы Сауле Нурахановна Кабимолдаева мектеп директорларымен сындарлы диалог жүргізді. Бүгінгі күнгі келелі мәселелер қаралды, соның ішінде жаңадан ашылған және атауы ауысқан мектептердің мерзімінде лицензия алуы. Жұмыс барысында туындаған қиындықтарды тыңдай отырып, департамент басшысы мектеп бітіруші сыныптардың оқуды аяқтау, жазғы демалыс кезіндегі жұмысты жақсарту бойынша нақты ұсынымдар мен пайдалы кеңестер берді. Сонымен қатар, мұғалімдер толтыруға міндетті құжаттар санын азайту талаптарын орындауда мектеп әкімшілігі тарапынан орын алған бұзушылықтарды мысалға келтірді. Ағымдағы жылдың 1-сәуірінен департамент құзыретіне педагог құқығын бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша өкілеттілік кірді. Жаңартылған ҰББДҚ-ғы мәліметтің нақтылығын қамтамасыз ету бойынша мектеп директорларының жауапкершілігі артты. Департамент басшысы: «Қазір ең бастысы – қаражат жинауға және басқа да заңға қайшы келетін әрекеттерге жол бермей, ҰБТ-ден таза, әділ өту. Балалар ерекше жағдайда дайындалды, олар сынақтан сәтті және әділ өтсін»,-деп өз сөзін аяқтады.

Leave a Reply