Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарында департамент күндерін ұйымдастырып, өткізуде

Алматы облысының  Білім саласындағы бақылау департаменті облыстағы аудан, қалаларының білім саласында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында белгілеген кестеге сәйкес Департамент күндерін ұйымдастырып, өткізуде.   Кезекті жиын ағымдағы жылдың 04-05 сәуір күндері Ақсу, Сарқан,  Алакөл аудандарында өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес қызметкерлер Департамент қызметі, білім беру  ұйымдарындағы Қамқоршылық кеңес жұмысы туралы, мектептердегі ОЖСБ, ҰБТ рәсімдерін ұйымдастырып, өткізу туралы баяндамалар жасады.  Аталмыш жиынға Ақсу ауданы әкімінің орынбасары, аудандық білім бөлімдері басшылары, колледж, мектеп директорлары, балабақша  меңгерушілері, Қамқоршылық кеңес мүшелері, ата-аналар қоғамы қатысты. Департамент күніне орай өткізілген семинар-кеңесте ауқымды мәселелер талқыланып, департамент басшысы Салтанат Жұманқызы Досматова білім беру саласындағы қоғамдық басқару рөлі жайында нақты түсіндірме беріп өтті. Департамент басшысы өз сөзінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан бекітілген нормативтік –құқықтық актілерге сүйене отырып, жұмыс бағытында мектепішілік оқу-тәрбие үрдісін және Қамқоршылық кеңес жұмысын қолжетімді нәтижеге жеткізуге үндеді. Өзге мектептердегі Қамқоршылық кеңес жұмысы бойынша озық тәжірибе слайдтар арқылы көрсетіліп талданды, сонымен қатар Ақсу ауданындағы Мамания орта мектебі, Е.Сиқымов атындағы орта мектеп, Сарқан ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп, Алакөл ауданы М.Аубакиров атындағы орта мектеп, Бескөл орта мектептердің қамқоршылық кеңес төрағалары өз жұмысындағы тәжірибені ортаға салды. Семинар-кеңеске  қатысушылар осы тақырыпта ой қозғап, озық тәжірибе белсенділікпен назарға алынып, болашақ жұмыс бағдары бойынша қажетті сұрақтарға жауап алды.

 

Leave a Reply