Ақпараттық қауіпсіздік

Қазіргі кезде қоғамның, жеке тұлғаның қызметі ақпараттық технологияларды қолданумен тығыз байланысты. Ақпараттық қауіпсіздік -мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі. Мемлекеттік органдарда ақпараттық қауіпсіздік мәселесінің маңызы зор.

2020 жылдың 14 желтоқсанында Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлерімен ақпараттық қауіпсіздік мәселесі бойынша семинар өтті.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысымен бекітілген ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар қарастырылды. Департамент басшысы С.Кабимолдаева ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталмағандығы туралы мысалдар келтірді және жұмыс барысында бұзушылықтарды болдырмау бойынша ұсынымдар берді.

Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы В.Орынбаева мемлекеттік органдардағы ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі қауіптерін атап өтті, сонымен қатар ақпаратты сақтау әдістерімен,  мемлекеттік орган қызметкерлерін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын орындау міндеттерімен таныстырды

Leave a Reply