Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Ағымдағы жылдың 15-16  ақпан  күндері  Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы С.Ж. Досматова бүгінгі күні өзектілігі басым білім беру мекемелерінде реформалар жайында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қарасай, Жамбыл аудандарының білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, ата-ана комитетінің мүшелері, қамқоршылық кеңестер өкілдерінің қатысуымен кеңестер өткізді.

Кезекті кеңесте Досматова С.Ж. Департаменттің функционалдық міндеттері туралы сөз қозғаумен қатар білім мекемелеріндегі Ұлттық жалпы білім беретін деректер қоры (ҰББДҚ) төлқұжаттарын толтыруда статистикалық мәліметтерін бұрмалап берілуі туралы, Қамқоршылық кеңестердің рөлі және т.б. мәселелер туралы сөз қозғалды. Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Ажикенова Г.С. 2017 жылы жүргізілген жұмыстарының нәтижелері және 2018 жылы білім беру жүйесінде жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылау түрлері туралы баяндама жасап, кеңеске қатысқан қауым білім саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы сұрақтарға толымды жауап алды.

 

Leave a Reply