Аттестаттау мәселелері және үстемақы туралы

2020 жылы аттестаттаудан өткені үшін лауазымдық жалақысына үстемақы қосылған педагогтар саны артуда. Аттесттаттау аяқталған соң 2020 жылдың 1 қыркүйегінен біліктілік санаттары үшін үстемақыны:

– мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;

– жалпы орта білім беру педагогтері;

– қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері;

– техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері;

– әдіскерлер  алады.

Білім беру ұйымдарының педагогтеріне 30%-дан 50%-ға дейін лауазымдық жалақыға үстемақы қосылуы қажет. Олар келесі санаттарға үміттенуге болады:

– педагог-модератор;

– педагог-сарапшы;

– педагог-зерттеуші;

– педагог-шебер.

Санатқа үміткер педагогтер ұлттық біліктілік тест тапсыру қажет, тест қорытындысынан кейін қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау жүргізіледі.

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне педагогтер тарапынан тестілеу барысындағы сауалдарға қатысты сұрақтар жиі түседі.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері үшін: мектепке дейінгі педагогика және психология және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі бойынша 60 сұрақ.

Жалпы орта білім беру және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері 100 сұраққа жауап беруі қажет, оның 70 сұрағы оқу пәнінің мазмұнына және педагогика, оқыту әдістемесінен 30 сұрақ.

Колледждегі арнайы пәндер бойынша педагогтер 100 сұраққа жауап береді: педагогика, оқыту әдістемесі – отыз тапсырма және қызмет бағыты бойынша – жетпіс тапсырма.

Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:  “Психология негіздері” – отыз тапсырма және  “Педагогика, оқыту әдістемесі” – отыз тапсырма.

Әдіскерлер біліктілік тестін дипломға сәйкес тапсырады. Мысалы, егер әдіскердің диплом бойынша мамандығы математика пәнінің мұғалімі болса, тесті математикадан-70 және педагогика, оқыту әдістемесінен 30 тапсырма орындайды.

Сұрақтар мазмұны білім саласында педагогтың атқаратын қызметіне байланысты болады.

Leave a Reply