Алматы облысы мектептерінің қашықтықтан оқытуға ауысуы туралы сұрақтар бойынша бейне конференц байланыс

           2020 жылдың 03 сәуірінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Байжуманов Батыржан Кулаймергенович, облыстық білім басқармасының басшысы Омарова Майгуль Тлеутаевна, облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Кабимолдаева Сауле Нурахановнаның қатысуымен облыс мектептерінің қашықтықтан оқытуға ауысуы туралы сұрақтар бойынша бейне конференц байланыс өтті. Аудан (қала) әкімдері орынбасарлары, білім бөлімі басшыларымен төртінші тоқсаннан бастап облыс мектептерінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру туралы сұрақтар бойынша онлайн режимде сындарлы сұхбат жүргізілді.

            Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Кабимолдаева Сауле Нурахановна қашықтықтан оқыту барысында интернет-платформалар арқылы сабақтар өткізу, телесабақтар форматын пайдалану және оқушылар, педагогтер, ата-аналар үшін жайлы жағдайлар жасау туралы нақты ұсынымдар берді.

 

 

 

 

Leave a Reply