Алматы облысы білім саласындағы бақылау департаментінің мемлекеттік көрсетілген қызметті туралы 2015 жылдың есебі

Алматы облысы білім саласындағы бақылау департаментінің мемлекеттік көрсетілген қызметті туралы 2015 жылдың есебі

Алматы облысының білім саласындағы бақылау департаменті ҚР білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі №204 бұйрығымен бекітілген «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандарты негізінде ұйымдастырды.

2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін департаменттің «Е-лицензиялау» деректер қоры ақпараттық жүйесіне заңды тұлғалардан 484 өтініш келіп түсті.

Облыс мектептерінен 395 өтініш, олардың ішінен лицензия алуға – 13, ал қайта рәсімдеуге – 382 өтініш тіркелді. Нәтижесінде 7 білім беру ұйымдарына лицензия берілді, 276 қайта рәсімделді, 112-не дәлелді бас тарту берілді.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан – 89 өтініш тіркелді, олардың 10 лицензия алуға, 49 лицензияға қосымша алуға, 30 қайта рәсімдеуге өтініш арналған. Нәтижесінде 4 білім беру ұйымына лицензия берілді, 30-на лицензияға қосымша берілді, 16 қайта рәсімделді, 39-не дәлелді бас тарту берілді, қарауға қалған өтініштер жоқ.

2015 жылдың 21 ақпанында облыстағы ең шалғай жерде орналасқан Алакөл ауданы Үшарал қаласында білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры жүйесінің жұмысы бойынша семинар-кеңес өткізілді. Семинарға 45 мектеп директоры және 6 балабақша меңгерушілері қатысты. Күн тәртібінде жаңадан бекітілген «Рұқсаттар және хабарламалар» туралы заңның білім беру саласына қатысты тармақтары қаралды.

2015 жылдың 17 тамызында департамент әкімшілігі Алматы облысының білім беру ұйымдарының басшыларына арналған Талдықорған қаласында семинар – кеңес өткізді.

Семинар – кеңеске департамент мамандары, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары, білім беру ұйымдарының және балабақшалардың бірінші басшылары қатысты. Барлығы 19 аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, 12 мектеп директорлары және 8 балабақша меңгерушілері қатысты.

Күн тәртібінде ҚР 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар» №202 Заңына және ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы «Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі» /ҚР  Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы №549 Қаулысымен енгізілген өзгерістермен/ №195 Қаулысына түсініктеме беру және «Е лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесі арқылы аймақтық департаментке заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға, қайта рәсімдеуге, телнұқса алуға арналған өтініштерді толтыру туралы әдістемелік нұсқаулығымен таныстыру туралы сұрақтар талданды (хаттама толтырылып, фотосуреттер әзірленді).

2015 жылдың 8 қазан күні Талдықорған қаласының №2 орта мектебінің акт залында департамент Алматы облысының білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Білім беру саласында рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін жүргізу» тақырыбында кезекті кеңейтілген семинар өткізілді.

Семинарға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары, бөлім мамандары, балабақша, мектеп, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің басшылары, Алматы облысының «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның мамандары қатысты. Барлығы 72 қатысушы тіркелді.

Бірінші сұрақ бойынша БСБД-нің бас маманы С. Жумагельдина «Білім беру саласында рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін жүргізу» тақырыбындағы презентациясын ұсынды (екі тілде слайд көрсетілді). Презентацияда білім беру қызметіне арналған лицензияны рәсімдеу үшін қолданылатын нормативті-құқықтық актілердің маңызды тармақтары талданды.

Екінші сұрақ бойынша Алматы облысының «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның бас маманы Д. Унерханов «Е-лицензиялау» деректер қоры ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, заңды тұлғаның өтініштерді рәсімдеу әдістерінің нұсқаулықтарын интернет желісі арқылы өтініш рәсімдеу тәртібін түсіндірді. (Фотоесеп, хаттама тіркелді)

Үшінші сұрақ бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның бас маманы А. Сманкулов «Е-лицензиялау» деректер қоры ақпараттық жүйесін пайдалана отырып заңды тұлғаның хабарлама беру тәртібін түсіндірді.

Семинар соңында қатысушыларға заңды күшіне иеленген нормативті-құқықтық актілердің көшірмелері электрондық үлгіде таратылды.

2015 жылдың желтоқсан айында облыстық «Огни Алатау» қоғамдық-саяси, әлеуметтік –экономикалық газетіне «Білім беру саласын лицензиялау – жаңа талаптар» тақырыбына мақаласы жарық көрді.

Бүгінгі таңда электрондық портал жүйесі тәулік бойы жұмысын жалғастыруда, техникалық ахаулар уақытында жойлады.

 

Leave a Reply