Алматы облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің 2019 жылдың 1-тоқсанында Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру

Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті (бұдан әрі-Департамент) тарапынан Қазақстан Республикасының 2007 жылғы              27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 57 бабына, 2014 жылғы 16 мамырдағы №202–V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 29 бабына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы»  2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығына (ҚР БҒМ 28.12.2017 жылғы №657 және 16.11.2018 жылғы №634 бұйрықтары) сәйкес білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жұмыстары заңмен белгіленген уақытта жүргізілуде.

Алматы облысының білім беру мекемелеріне «Білім беру қызметін лицензиялау» мемлекеттік қызметі электронды «elicense.kz» ақпараттық жүйе арқылы Білім және ғылым министрінің 25.04.2015 жылғы                         №204 бұйрығымен (ҚР БҒМ 25.03.2016 жылғы №218 бұйрығы) бекітілген «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты және 02.06.2015 жылғы №357 бұйрығымен (ҚР БҒМ 30.03.2016 жылғы №231 бұйрығы) бекітілген «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті негізінде көрсетіледі.

     Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында департаменттің «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелген 105 өтініштің 83-не мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 13 өтініш заңды тұлғалар тарапынан қайтарылып алынды (отзыв). 9 өтініш стандартпен регламентке сай қаралуда (лицензия алуға-1, лицензияға қосымша алуға-8). Мемлекеттік қызмет көрсетілген 83 өтініштің 5-і лицензия алуға, 38-і лицензияға қосымша алуға, 40 лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге. Қорытындысында 2 лицензия, 20 лицензияға қосымшалар беріліп, 39-ы қайта ресімделді, қалған 22 өтінішке білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес келмегендіктен дәлелді бас тартылды.

Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарынан тіркелеген                         42 өтінішке мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде лицензия алуға-2, лицензияға қосымша алуға-36, лицензияны және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге-4. Қорытындысында 6 колледжге 18 лицензияға қосымшалар беріліп, 4 колледждің лицензиялары және (немесе) лицензияға қосымшалары қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-20.

     Жалпы білім беретін мектептерден тіркелген 41 өтінішке мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде лицензия алуға-3, лицензияға қосымша алуға-2, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге-36. Нәтижесі бойынша білім беру қызметімен айналысу үшін 2 заңды тұлғаға лицензия және лицензияға қосымша, 2 заңды тұлғаға лицензияға қосымша берілсе, 35 мектептің лицензиясы және лицензияға қосымшалары қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-2.

       Қаңтар айында «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасында              тіркелген 37 өтінішке мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, лицензия алуға-1, лицензияға қосымша-6, лицензияны қайта ресімдеуге-30 өтініш тіркеліп, қорытындысында лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар берілмеді, 29 заңды тұлғаның лицензиясы және лицензияға қосымшалары қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-8. Тиісті білім беру деңгейлері бойынша: Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарынан 10 өтініш берілсе, оның ішінде лицензияға алуға-1, 2 колледжден түрлі біліктіліктер бойынша лицензияға қосымша алуға-6, лицензияны қайта ресімдеуге-3. Қорытындысында білім беру қызметімен айналысу үшін лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар берілмеді, 3 колледждің лицензиясы және лицензияға қосымшалары қайта ресімделді. Жалпы білім беретін мектептерден лицензияны қайта ресімдеуге 27 өтініш тіркеліп, олардың              26 қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-1.

      Ақпан айында «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасында              тіркелген 32 өтінішке мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, лицензия алуға-4, лицензияға қосымша алуға-19, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге-9 өтініш тіркеліп, қорытындысында 2 заңды тұлғаға лицензия және лицензияға қосымша, 5 заңды тұлғаға түрлі біліктіліктер бойынша 13 лицензияға қосымшалар берілді. 9 білім беру ұйымының лицензиясы және лицензияға қосымшалары қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-8. Тиісті білім беру деңгейлері бойынша: Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарынан 20 өтініш берілсе, оның ішінде лицензия алуға-1, лицензияға қосымша алуға-18, лицензияны қайта ресімдеуге-1. Қорытындысында 4 колледжге сұралған біліктіліктер бойынша 12 лицензияға қосымшалар берілсе, 1 колледждің лицензиясы және лицензияға қосымшалары қайта ресімделді, 7 өтінішке дәлелді бас тартылды. Жалпы білім беретін мектептерден 12 өтініш тіркелсе, оның ішінде лицензия алуға-3, лицензияға қосымша алуға-1, лицензияны қайта ресімдеуге-8. Нәтижесі бойынша білім беру қызметімен айналысу үшін                  2 мектепке лицензия және лицензияға қосымша, 1 мектепке «Жалпы орта білім беру» қызметтің кіші түріне білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияға қосымша берілді. 8 заңды тұлғаның лицензиялары қосымшаларымен қайта ресімделсе, 1 өтінішке дәлелді бас тартылды.

      Наурыз айында «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелген 23 өтініштің 14-не мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 1 мектептен лицензия алуға, 3 колледжден лицензияға қосымша алуға тіркелген 9 өтініш стандартпен регламентке сай қаралуда. Мемлекеттік қызмет көрсетілген               14 өтініштің 13-і лицензияға қосымша алуға, 1-і лицензия және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге. Қорытындысында 7 лицензияға қосымша беріліп, 1 білім беру ұйымының лицензиясы және лицензияға қосымшасы қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-6. Тиісті білім беру деңгейлері бойынша: Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарынан  лицензияға қосымша алуға 12 өтініш тіркеліп, 3 колледжге түрлі біліктіліктер бойынша 6 лицензияға қосымшалар берілді, 6 өтінішке дәлелді бас тартылды. Жалпы білім беретін мектептерден 2 өтініш тіркелсе, оның ішінде лицензияға қосымша алуға-1, лицензияны қайта ресімдеуге-1. Нәтижесі бойынша білім беру қызметімен айналысу үшін 1 мектепке лицензияға қосымша берілсе, 1 лицензия қосымшасымен қайта ресімделді.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және лицензияға қосымшаларын алған білім беру ұйымдары:

Білім беру ұйымы Лицензияны алған уақыты
1 Қарасай ауданындағы «АйСаф жеке қыздар мектебі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  

04.02.2019 ж.

2 «Іле ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№45 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі  

11.02.2019 ж.

  Барлығы:  2 мектеп  

 

Білім беру қызметімен айналысуға лицензияға қосымшалар алған білім беру ұйымдары:

Білім беру ұйымы Біліктіліктің саны
1 «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  

2

2 Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында орналасқан «Көпсалалы инновациялық колледж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  

2

3 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны  

6

4 «Алматы облыстық білім басқармасы» ММ «Текелі кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  

3

5 Іле ауданы, Өтеген батыр кентіндегі «Прогресс» Политехникалық колледжі» мекемесі 4
6 «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  

 

1

7 «Кеген ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бестөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1 (жалпы орта білім беру)
8 Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№39 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі 1 (жалпы орта білім беру)
  Барлығы: 8 (2 мектеп, 6 колледж) 20 (мектеп-2, колледж-18)

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталда өтініш тіркелген сәттен бастап лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу 30 жұмыс күн, лицензияны немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу 3 жұмыс күнінен кешіктірмей қаралады, ұсынылған құжаттар толықтай тексеріліп, рұқсаттық бақылау жұмысы жүргізіледі. Лицензиялау комиссиясының отырысы өткізіліп, біліктілік талаптары сәйкес болған жағдайда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы бұйрық шығарылады, ал сәйкессіздік анықталған жағдайда дәлелді бас тарту туралы жауап беріледі.

Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне лицензия және лицензияға қосымша берілгенге дейін 11 заңды тұлғаға (4 мектеп,                   7 колледж) бару арқылы 12 рұқсаттық бақылау жүргізілді. Рұқсаттық бақылаудың қорытындысы бойынша 6 колледж, 4 мектептің өтініштері қанағаттандырылса, 1 колледждің (Кеген ауданы «Кеген медициналық колледжі» мекемесі) өтінішіне дәлелді бас тартылды.

Департамент тарапынан электрондық порталға тіркеліп, мемлекеттік қызмет көрсетілген 83 өтініштің 22-на (26,5%) мемлекеттік қызмет көрсету барысында дәлелді бас тартудың негізгі себептері, қызмет алушылар тарапынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің                    2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығымен бекітілген білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін толтыруда кемшіліктер жіберулерінен туындаған. Оның ішінде негізгі кемшіліктер: Заңды тұлғалардың педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы, оқу және ғылыми әдебиеттер, цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы нысандар талапқа сай толтырылмаған. Сұратылып отырған мамандыққа немесе біліктілікке сәйкес практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттары талапқа сай емес. Оқу жұмыс жоспарлары үлгілік оқу жоспарларына немесе мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес құрастырылмаған және т.б.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия алу үшін 4 заңды тұлғадан (1 колледж, 3 мектеп) тіркелген 5 өтініш бойынша: 2 мектептен тіркелген өтініштер қаралып, қорытындысында аталған заңды тұлғаларға лицензия және лицензияға қосымшалары берілді (Қарасай ауданындағы «АйСаф жеке қыздар мектебі» ЖШС және «Іле ауданының білім бөлімі» ММ «№45 орта мектеп» МКМ). «Кеген медициналық колледжі» мекемесінен тіркелген                 2 өтінішке дәлелді бас тартылды. Алматы қаласындағы «ДИА ГЛОБАЛ» МЕКТЕП» Жеке мекемесінен лицензия қосымшасымен алуға 1 өтініш тіркеліп, аталған заңды тұлға лицензиарды дұрыс таңдамағандықтан өтінішті қараудан бас тартылды.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензияға қосымша алу үшін                   11 заңды тұлғалардан (9 колледж, 2 мектеп) тіркелген 38 өтініш бойынша:             36 өтініш берген 9 колледждің 6-на сұралған біліктіліктер бойынша                    18 лицензияға қосымшалар берілсе, олардың 4-і өтініштерін 2 рет қайталап берген (Талдықорған политехникалық колледжі, Шонжы ауылындағы Көпсалалы инновациялық колледжі, Іле ауданындағы «Прогресс» политехникалық колледжі, Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі).                         3 колледжден 10 өтініш тіркеліп, қорытындысында сұралған біліктіліктер бойынша лицензияға қосымшалар берілмеді (Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі-3 өтініш, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі-3 өтініш, Алакөл гуманитарлық-техникалық колледжі-4 өтініш). «Кеген ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бестөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен және Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№39 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінен «Жалпы орта білім беру» қызметтің кіші түріне білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияға қосымша алуға берген өтініштері қанағаттандырылды.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаларын қайта ресімдеу үшін 39 заңды тұлғадан (4 колледж,                        35 мектеп) тіркелген 40 өтініш бойынша: 4 колледжден тіркелген 4 өтініш қаралып, қорытындысында аталған заңды тұлғалардың лицензиялары және (немесе) лицензияға қосымшалары қайта ресімделді. Өтініш берген                       35 мектептің лицензиясы және лицензияға қосымшалары қайта ресімделді, олардың ішінде 1 мектеп өтінішін қайталап берген (Кеген ауданы,                 Ә. Ниязбеков атындағы орта мектебі). Аталған мектепке білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу барысында заңды тұлға тарапынан қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі тіркелмегендіктен дәлелді бас тартылды.

Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жұмыстары бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтің 73,5% қанағаттандырылды. Білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру жұмыстары бойынша мемлекеттік көрсетілген қызмет орта есеппен 11 күнді құрады. Есептік кезеңде ЕЛ ММБ ақпараттық жүйесі ақаусыз жұмыс істеді.

Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою

Білім туралы құжаттарды апостильдеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі №212 бұйрығымен бекітілген «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты және 2015 жылғы 13 тамыздағы №528 бұйрығымен бекітілген «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті негізінде көрсетіледі.

Департамент «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік қызметін 2017 жылдың 19 маусымынан бастап электронды «ИИС ЦОН ГО порталы арқылы» және қағаз түрінде қатаң Заңнамаға сәйкес жүзеге асырады. Барлық мемлекеттік қызметтер түрлері электронды және қағаз түрінде көрсетілген.

Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша стандартпен көзделмеген құжаттарды талап ету, қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері анықталған жоқ.

Департаментке 2019 жылдың 1-тоқсанында білім туралы құжаттарды апостильдеу бойынша тіркелген 60 құжаттың барлығы апостильденді. Апостильденген 60 құжаттар бойынша:

  • жоғары білім туралы – 35;
  • жалпы орта білім бойынша – 15;
  • кәсіптік-техникалық білім бойынша – 10.

Елдерге кету картасы:

  • Оңтүстік Кореяға – 32;
  • Ресейге– 6;
  • Түркияға – 5;
  • АҚШ – 3;
  • Италияға – 3;
  • Португалияға -1;
  • Германияға – 5;
  • Грецияға – 1;
  • Чехияға – 2;
  • Литваға – 2.

 

Департамент тарапынан білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп, тиісті әдістемелік нұсқамалар берілуде. Ағымдағы жылдың 12 қаңтарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Т. Ешенқұловтың қатысумен департамент тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиналысқа департамент басшысы С. Досматова, облыс әкімінің орынбасары А. Абдуалиев, облыстық білім басқармасының басшысы Д. Жүнісов, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары және колледж директорлары қатысты. Жиналысқа барлығы 103 адам қатысып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы тиісті мәліметтер алды. 06 наурыз күні білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы А. Кулахметова облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы тарапынан ұйымдастырылған “Жаңартылған білім беру: тәжірибе және жаңа ұстанымдар” атты облыстық семинарға қатысып, ақпараттық-түсіндірме жұмысы бағытында мемлекеттік қызмет алудың талаптары бойынша баяндама жасады. Талдықорған қаласындағы оқушылар сарайында өткен семинарға 123 адам қатысып, колледж директорларына, орынбасарларына тиісті әдістемелік нұсқамалар берілді. Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметші жоқ.

Департаменттің интернет-ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету (білім беру қызметіне лицензия беру, білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою) тәртібі туралы ақпарат үнемі жаңартылып отырады. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік және орыс тілдерінде инфографика, мемлекеттік орган көрсететін қызметтер бойынша стандарт пен регламенті, сол сияқты, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», 2014 жылғы 16 мамырдағы №202-V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі №204 бұйрығымен бекітілген «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына сәйкес «Е-лицензиялау» порталында білім беру қызметімен айналысуға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есептер, нұсқаулықтар департаменттің арнайы ресми интернет-ресурсына орналастырылған.

Электрондық Үкіметтің (egov.kz) порталында мемлекеттік көрсетілетін қызметке (білім беру қызметіне лицензия беру, білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою) қол жеткізу үшін белсенді сілтемелер орнатылған. «Білім беру қызметін лицензиялау» және «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарты және тәртібі мекеме ішінде арнайы ақпараттық стендтерде орналасқан. Департаментте мемлекеттік қызметтерді көрсетуде қызметті алушылармен тікелей байланыс шектелген.

            

  

 

Leave a Reply