Алматы облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің 2018 жылдың 1-тоқсанында Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша атқарылған жұмыстардың талдамалық анықтамасы

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру

Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті (бұдан әрі-Департамент) тарапынан Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 57 бабына, 2014 жылғы 16 мамырдағы №202–V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 29 бабына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы»  2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығына сәйкес білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жұмыстары заңмен белгіленген уақытта жүргізілуде.

Алматы облысының білім беру мекемелеріне «Білім беру қызметін лицензиялау» мемлекеттік қызметі электронды «elicense.kz» ақпараттық жүйе арқылы Білім және ғылым министрінің 25.04.2015 жылғы №204 бұйрығымен (ҚР БҒМ 25.03.2016 жылғы №218 бұйрығы) бекітілген «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты және 02.06.2015 жылғы №357 бұйрығымен (ҚР БҒМ 30.03.2016 жылғы №231 бұйрығы) бекітілген «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті негізінде көрсетіледі.

       Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында департаменттің «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелген 72 өтініштің 64-не мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 8 өтініш стандартпен регламентке сай қаралуда. Мемлекеттік қызмет көрсетілген 64 өтініштің 14-і лицензия алуға, 28-і лицензияға қосымша алуға, 22-сі лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге. Қорытындысында 3 лицензия, 14 лицензияға қосымшалар беріліп, 12 қайта ресімделді, қалған 35 өтінішке білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес келмегендіктен дәлелді бас тартылды.

Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарынан тіркелеген 28 өтінішке мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде лицензияға қосымша алуға-24, лицензияны қайта ресімдеуге-4. Қорытындысында 12 лицензияға қосымша беріліп, 2 қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-14.

     Жалпы білім беретін мектептерден тіркелген 36 өтінішке мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде лицензия алуға-14, лицензияға қосымша алуға-4, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге-18. Нәтижесі бойынша білім беру қызметімен айналысу үшін 3 заңды тұлғаға лицензия және лицензияға қосымша, 2 заңды тұлғаға лицензияға қосымша берілсе, 10 мектептің лицензиясы және лицензияға қосымшалары қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-21.

       Қаңтар айында «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасында              тіркелген 13 өтінішке мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, лицензия алуға-5, лицензияға қосымша-4, лицензияны қайта ресімдеуге-4 өтініш тіркеліп, қорытындысында лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар берілмеді, 2 заңды тұлғаның лицензиясы және лицензияға қосымшалары қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-11. Тиісті білім беру деңгейлері бойынша: Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарынан-4 өтініш берілсе, оның ішінде лицензияға қосымша алуға-3, лицензияны қайта ресімдеуге-1. Қорытындысында барлық өтініштерден дәлелді бас тартылды. Жалпы білім беретін мектептерден 9 өтініш тіркелсе, оның ішінде лицензия алуға-5, лицензияға қосымша алуға-1, лицензияны қайта ресімдеуге-3. Нәтижесі бойынша білім беру қызметімен айналысу үшін лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілмеді, 2 лицензия қосымшасымен қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-7.

      Ақпан айында «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасында              тіркелген 24 өтінішке мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, лицензия алуға-5, лицензияға қосымша алуға-6, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге-13 өтініш тіркеліп, қорытындысында 3 заңды тұлғаға лицензия және лицензияға қосымша берілсе, 8 білім беру ұйымының лицензиясы және лицензияға қосымшалары қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-13. Тиісті білім беру деңгейлері бойынша: Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарынан 8 өтініш берілсе, оның ішінде лицензияға қосымша алуға-5, лицензияны қайта ресімдеуге-3. Қорытындысында 2 колледждің лицензиясы және лицензияға қосымшалары қайта ресімделді, 6 өтінішке дәлелді бас тартылды. Жалпы білім беретін мектептерден 16 өтініш тіркелсе, оның ішінде лицензия алуға-5, лицензияға қосымша алуға-1, лицензияны қайта ресімдеуге-10. Нәтижесі бойынша білім беру қызметімен айналысу үшін 3 мектепке лицензия және лицензияға қосымша берілсе, 6 лицензия қосымшасымен қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-7.

      Наурыз айында «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасында              тіркелген 27 өтінішке мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, лицензия алуға-4, лицензияға қосымша алуға-18, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге 5 өтініш тіркеліп, қорытындысында 14 заңды тұлғаға лицензияға қосымша берілді, 2 білім беру ұйымының лицензиясы және лицензияға қосымшалары қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-11. Тиісті білім беру деңгейлері бойынша: Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарынан  лицензияға қосымша алуға 16 өтініш тіркеліп, 5 колледжге 12 лицензияға қосымшалар берілді, 4 өтінішке дәлелді бас тартылды. Жалпы білім беретін мектептерден 11 өтініш тіркелсе, оның ішінде лицензия алуға-4, лицензияға қосымша алуға-2, лицензияны қайта ресімдеуге-5. Нәтижесі бойынша білім беру қызметімен айналысу үшін 2 мектепке лицензияға қосымша берілсе, 2 лицензия қосымшасымен қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-7.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және лицензияға қосымшаларын алған білім беру ұйымдары:

Білім беру ұйымы Лицензияны алған уақыты
1 Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің «Рахат ауылдық округі №1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  

09.02.2018 ж.

2 «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар  №26 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  

 

09.02.2018 ж.

3 «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үштерек орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 19.02.2018 ж.
Барлығы: 3 мектеп  

 

Білім беру қызметімен айналысуға лицензияға қосымшалар алған білім беру ұйымдары:

Білім беру ұйымы Лицензияға қосымша алған біліктіліктің саны
1 Іле ауданы, Өтеген батыр кентіндегі «Прогресс» Политехникалық колледжі» мекемесі 2
2 «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны  

2

3 Еңбекшіқазақ ауданы, «Есік кәсіптік-техникалық колледжі» мекемесі 5
4 «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Көксу ауылшаруашылық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны  

2

5 «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны  

 

1

6 Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің «№1 Азат орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1 (Бастауыш және негізгі орта білім беру)
7 «Қаратал ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Оян ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1 (жалпы орта білім беру)
Барлығы: 7 (2 мектеп, 5 колледж) 14 (мектеп-2, колледж-12)

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталда өтініш тіркелген сәттен бастап 30 жұмыс күн ішінде қаралады, ұсынылған құжаттар толықтай тексеріліп, рұқсаттық бақылау жұмысы жүргізіледі. Лицензиялау комиссиясының отырысы өткізіліп, біліктілік талаптары сәйкес болған жағдайда лицензия беру туралы бұйрық шығарылады, ал сәйкессіздік анықталған жағдайда дәлелді бас тарту туралы жауап беріледі. Департамент тарапынан Мемлекеттік қызмет көрсету барысында дәлелді бас тартудың негізгі себептері, қызмет алушылар тарапынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығымен бекітілген Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін толтыруда кемшіліктер жіберулерінен туындауда.

Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жұмыстары бойынша түскен өтініштердің 45,3 пайызы қанағаттандырылды. Білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру жұмыстары бойынша мемлекеттік көрсетілген қызмет орта есеппен 6-7 күнді құрады. Есептік кезеңде ЕЛ ММБ ақпараттық жүйесі ақаусыз жұмыс істеді.

Департамент тарапынан Білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп, тиісті әдістемелік нұсқамалар берілуде. Департамент басшысы С. Досматова және білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Г. Ажикенова ағымдағы жылдың ақпан, наурыз айларында 16 аудан, 3 қаладағы білім бөлімдерінің басшылары, колледж, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, ата-аналар комитетінің мүшелері, қамқоршылық кеңестердің өкілдерінің қатысуымен өткен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарында департаментте көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат берілді. Аудан, қалаларда өткен кеңеске 2150 адам қатысып, тиісті әдістемелік нұсқамалар берілді.

Департаменттің интернет-ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету (білім беру қызметіне лицензия беру, білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою) тәртібі туралы ақпарат үнемі жаңартылып отырады. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік және орыс тілдерінде инфографика, мемлекеттік орган көрсететін қызметтер бойынша стандарт пен регламенті, сол сияқты, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», 2014 жылғы 16 мамырдағы №202-V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі №204 бұйрығымен бекітілген «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына сәйкес «Е-лицензиялау» порталында білім беру қызметімен айналысуға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есептер, нұсқаулықтар, лицензиялық комиссияның отырыстары департаменттің арнайы ресми интернет-ресурсына орналастырылған. Электрондық Үкіметтің (egov.kz) порталында мемлекеттік көрсетілетін қызметке (білім беру қызметіне лицензия беру, білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою) қол жеткізу үшін белсенді сілтемелер орнатылған. «Білім беру қызметін лицензиялау» және «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарты және тәртібі мекеме ішінде арнайы ақпараттық стендтерде орналасқан. Департаментте мемлекеттік қызметтерді көрсетуде қызметті алушылармен тікелей байланыс шектелген.

Департамент басшысы С. Досматова

Leave a Reply