Алматы облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің 2018 жылдың 1-тоқсанында Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша атқарылған жұмыстардың талдамалық анықтамасы

Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою

Білім туралы құжаттарды апостильдеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі №212 бұйрығымен бекітілген «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты және 2015 жылғы 13 тамыздағы №528 бұйрығымен бекітілген «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті негізінде көрсетіледі.

Департамент Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік қызметін 2017 жылдың 19 маусымынан бастап электронды «ИИС ЦОН ГО порталы арқылы» және қағаз түрінде қатаң Заңнамаға сәйкес жүзеге асырады. Барлық мемлекеттік қызметтер түрлері электронды және қағаз түрінде көрсетілген.

Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша стандартпен көзделмеген құжаттарды талап ету, қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері анықталған жоқ.

Департаментке 2018 жылғы 1-тоқсанында білім туралы құжаттарды апостильдеу бойынша тіркелген 71 құжаттың 70 апостильденді. 1 өтініш стандартпен регламентке сай қаралуда. Апостильденген 70 құжаттар бойынша:

  • жоғары білім туралы – 48;
  • жалпы орта білім бойынша – 15;
  • кәсіптік-техникалық білім бойынша – 7.

Елдерге кету картасы:

  • Оңтүстік Кореяға – 50;
  • Ресейге– 3;
  • Түркияға – 1;
  • АҚШ – 5;
  • Италияға – 2
  • Германияға – 9.

Департамент тарапынан Білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп, тиісті әдістемелік нұсқамалар берілуде. Департамент басшысы С. Досматова және білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Г. Ажикенова ағымдағы жылдың ақпан, наурыз айларында 16 аудан, 3 қаладағы білім бөлімдерінің басшылары, колледж, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, ата-аналар комитетінің мүшелері, қамқоршылық кеңестердің өкілдерінің қатысуымен өткен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарында департаментте көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат берілді. Аудан, қалаларда өткен кеңеске 2150 адам қатысып, тиісті әдістемелік нұсқамалар берілді.

Департаменттің интернет-ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету (білім беру қызметіне лицензия беру, білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою) тәртібі туралы ақпарат үнемі жаңартылып отырады. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік және орыс тілдерінде инфографика, мемлекеттік орган көрсететін қызметтер бойынша стандарт пен регламенті, сол сияқты, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», 2014 жылғы 16 мамырдағы №202-V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі №204 бұйрығымен бекітілген «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына сәйкес «Е-лицензиялау» порталында білім беру қызметімен айналысуға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есептер, нұсқаулықтар, лицензиялық комиссияның отырыстары департаменттің арнайы ресми интернет-ресурсына орналастырылған. Электрондық Үкіметтің (egov.kz) порталында мемлекеттік көрсетілетін қызметке (білім беру қызметіне лицензия беру, білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою) қол жеткізу үшін белсенді сілтемелер орнатылған. «Білім беру қызметін лицензиялау» және «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарты және тәртібі мекеме ішінде арнайы ақпараттық стендтерде орналасқан. Департаментте мемлекеттік қызметтерді көрсетуде қызметті алушылармен тікелей байланыс шектелген.

Департамент басшысы С. Досматова

Leave a Reply