Алматы облысының техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің қашықтықан білім беру технологияларын пайдалануы

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан платформаларға енгізілген білім беру үрдісін мониторингілеу күнделікті жүргізіледі. Облыстағы 68 колледждегі 27857 білім алушы Edupage, Platonus, Google classroom, Paragraph bilim, Quizlet, EDUS, SMART, Moodle платформалары арқылы білім үрдісіне көшті.

         І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің колледжі, Алматы экономикалық колледжі, Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі, Текелі кәсіптік колледжі, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі, Талдықорған агро-технологиялық колледжі, Талдықорған сервис және технология колледждеріндегі оқу үрдісінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуы, оларға қашықтан оқыту бойынша әдістемелік орталық ретінде қызмет етуге мүмкіндік туғызды.

 2020 жылдың 30 наурызында департаменттің қатысуымен І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің колледжі облыстағы колледждерге қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша онлайн режимде шеберлік-класс өткізді. Интернет-платформалар арқылы сабақ өткізу, оқу материалдарын жүктеу, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау сұрақтарына қатысты әдістемелік көмек көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік білім беру Департаменті және облыстық білім беру басқармасымен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 15 наурызы мен 10 сәуір аралығында бейне конференц байланыс тәртіпте кеңес өткізіліп тұрды. Кеңес барысында колледждер онлайн форматта жүргізген сабақтарын таныстырып, контент жүктеу бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Колледждердің сайттарында және жеке чаттарында, платформаларда журнал толтыру, үй тапсырмасын жүктеу бойынша, педагогтер мен студенттерге арналған нұсқаулықтар мен  бейне роликтер жарияланады. Колледждердің қарым қатынасы арқасында қашықтықан білім беру технологиялары арқылы білім беру жағдайы қалыптасты, мұғалімдердің құзіреттілігі арта түсті.

Облыстағы колледждерде ата-анасынан айырылған 493 студент оқиды, оның 28-і жатақханада тұрады және компьютерлік техникамен, тамақпен қамтамасыз етілген. 380 студент және 27 педагог колледж тарапынан уақытша пайдалануға берілген компьютерлер және ноутбуктармен қамтамасыз етілген.

Leave a Reply