Алматы облысының колледж директорларымен өткен семинар-кеңес туралы.

 2017 жылдың 14 ақпан күні Алматы облысының білім саласындағы бақылау департаменті І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті аясында облыстағы колледж директорларымен семинар-кеңес өткізді. Департамент басшысы С.Досматова семинар-кеңеске қатысушыларға «Жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасын іске асыру туралы ақпарат берді.  Облыстық білім басқармасының техникалық және кісіби білім беру бөлімінің басшысы А.Торебаева колледждерге екі деңгейлік дайындық жүйесін енгізу туралы айтып өтті. Білім саласындағы бақылау департаментінің бас маманы А.Асылбеков соңғы екі жылда Алматы облысында білім беру қызметін лицензиялауды ұйымдастыру және іске асыру қорытындысымен таныстырды.

Leave a Reply